Қазақстан құрамасы экс-қақпашысының командасы Қытайда ұлттық турнирдің плей-офф кезеңіне шықты
19 наурыз, 17:13

Фото: Самат Отарбаев
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жасөспірімдер құрамасы (U-18) Қытайдағы беделді турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Командадағы қақпашыларды дайындауға Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев жауапты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Футбол додасы футбол, баскетбол және волейбол жарыстарын біріктіретін «Үш үлкен доп» атты ауқымды жоба аясында өтіп жатыр. Бірінші кезеңнің іріктеу турнирі Бэйхай қаласында (Гуанси провинциясы) өтті.
Отарбаевтың командасы сегіз ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды. Бұл шыңжаңдықтарға «чемпиондық топқа» (екінші кезеңге) шығуға және келесі раундта рейтингі төмендеу командалармен ойнауға мүмкіндік берді.
Бэйхайдағы екі топтан шыққан үздік үштік Далянь немесе Куньмин қалаларына аттанады. Ол жақта олар басқа іріктеу аймақтарынан (соның ішінде Хайкоудан) келген мықты құрамалармен бақ сынайды. Егер Отарбаевтың шәкірттері бұл кедергіден де сүрінбей өтсе, оларды қыркүйек-қазан айларында Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңі күтіп тұр.
Самат Отарбаев Шыңжаңдағы жұмысын 2025 жылдың наурыз айында бастаған еді. Дебюттік маусымында қазақстандық маман U-18 және U-20 командаларын Қытайдың Ұлттық ойындарына дайындап, екі ұжыммен де жетінші орынға табан тіреді.
Ойыншы мәнсабында ол «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарының намысын қорғаған, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов