«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты

24 шілде, 20:39

«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты

Фото: Патрик Кпозо

2025 жылғы маусымда «Жеңіс» ҚПЛ кестесінде алтыншы орынға тұрақтаған еді, сондықтан биыл межені төмендетуге хақысы жоқ. Әли Әлиевтің ұжымына тәжірибелі Андрия Филипович, Самат Жарынбетов және «Ордабасының» шапшаң әмбебап ойыншысы Владислав Наумец қосылды. Бірақ команданың мүлде жаңа фигурасы – ганалық Патрик Кпозоны да назардан тыс қалдыруға болмайды.

29 жастағы қорғаушы ASnews.kz сайтына берген сұхбатында мына жайттарды әңгімелеп берді:

  • «Алтын доптың» бес дүркін иегерімен кездесуі;
  • «Манчестер Юнайтедтің» кезінде жүз миллионға жуық еуроға бағаланған шабуылшысына қарсы ойыны;
  • АПЛ бапкерінің баптауымен өнер көрсетуі;
  • Еуропа чемпионаттарымен салыстырғандағы ҚПЛ деңгейі;
  • Исламбек Қуат пен «Жеңіс» бапкерінің мінезі.

Патрик, балалық шағың мен Африкадан кетер алдындағы кездерің туралы айтып берші.

– Ганада футболшы болу оңай емес. Бұл – нағыз өмір мектебі, өйткені ешқандай жағдай жасалмаған: аман қалу үшін ойнадық. Ал отбасым туралы айтсам, әкем де жергілікті деңгейде доп тепкен. Мен де соның жолын қудым.

Бары-жоғы 18 жасыңда швециялық АИК-ке ауысуыңа не түрткі болды?

– «Интер Эллайспен» бірге Кубоктың финалына шыққаннан кейін АИК маған назар аударды. Ол маусымда чемпионаттың ең үздік сол жақ қорғаушысы атанып, өзімді жақсы жағымнан көрсеттім. Бұл олардың бас скауты Тобиас Аккерманның бастамасымен жүзеге асып, тікелей жасалған трансфер еді.

Ол клубта 16 жасар Александер Исакпен бірге ойнадың. Оның болашақта топ-футболшы болатынын бірден сездің бе?

– Жоқ, өйткені ол басында академияда және U-19 командасында жүрді. Бірақ керемет ойынынан кейін оны негізгі құрамға ауыстырды, біздің достығымыз да осылай басталды – екі жылдай бірге өнер көрсетіп, жақын араласып кеттік.

Әлі де хабарласып турасыңдар ма?

– Иә, байланысты үзбейміз. Исак – өте ашық-жарқын, тіпті қарапайым, ұяң жігіт.

«Эстерсундта» Грэм Поттердің қол астында 49 матч өткіздің. Онымен жұмыс істеу қандай болды?

– Еуропаға аяқ басқан бойда-ақ белгілі тұлғалармен кезіге бастадым. Бұл – керемет сезім. Поттердің қол астында ойнау үлкен бақыт еді, ал ол «Челсиді» баптағанда бөркімізді аспанға аттық. Швецияда бәрі бұл бапкерге кәміл сенетін.

Дерек: 2011 жылы британдық маман Швецияның төртінші дивизионындағы «Эстерсундпен» келісімшартқа отырды. Жеті жыл ішінде ол команданы жоғарғы лигаға шығарып, Кубокты жеңіп алды және Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жетіп, онда «Арсеналды» (2:1) ұтты.

Сұхбаттарыңның бірінде әрдайым «Челсиге» жанкүйер болып келгеніңді айтып едің.

– Иә, содан да болар, бәрі сәтті өрілді (күледі).

Әлиевтің жұмыс әдісі туралы не айтасың? Жаттығу барысында ол қандай?

– Мінезі керемет. Бізді үнемі қамшылап, жігерлендіріп отырады, орынды жерде талапты да қатаң қояды.

2022 жылы «Шерифтің» сапында «Манчестер Юнайтедке» қарсы екі рет алаңға шықтың. Антониге қарсы ойынды мүлде қиын болмады деп айтқаның шын ба?

– Ең алдымен, бұл тамаша тәжірибе болды, бірақ мен бұған дейін де «Арсенал» мен «Атлетикке» (Бильбао) қарсы ойнап көргенмін. Сондықтан оған бола аспандатудың керегі жоқ. Ал Антониге келсек, мен оны жай ғана «жұтып» қойдым. Залалсыздандырдым.

Дерек: Алғашқы матчтан кейін (0:2) БАҚ өкілдері: «Ағылшындар жұлдызды вингер үшін 95 млн еуро жұмсады, ал ол Кпозоға қарсы ештеңе істей алмады», – деп жазды.

Бірақ оң жағыңа бұрылып, Криштиану Роналдуды көргенде басыңда не ой болды? Аккрадан шыққан кішкентай бала осындайды елестете алар ма еді?

– Әдетте мен қобалжымаймын, бірақ Роналдуның дәл маған қарап тұрғанын көргенде... Денем түршігіп кетті. Дірілдеп сала бердім (күледі). Бұл нағыз жындылық – бұған дейін мұндай сезімді ешқашан бастан кешпеген едім. Сондықтан жақында Әлем чемпионатында Испаниядан жеңілгеннен кейін (0:1) оның алаңнан кетіп бара жатқанын көру өте ауыр тиді. Мен Криштиануды қатты сыйлаймын.

Дерек: «Бетистің» қазіргі шабуылшысынан айырмашылығы, 37 жастағы Роналду молдовалықтардың қақпасына екі гол соқты.

Содан кейін үш жыл «Баникте» өнер көрсеттің. Молдова, Чехия және Қазақстан лигаларын деңгейі бойынша ретімен тізіп шығайықшы?

– Чехия – бір бас жоғары. Олар әлдеқайда алда. Бірақ Қазақстан чемпионаты Молдованікінен сөзсіз артық, өйткені онда тек «Шериф» қана дараланып тұр. «Петрокуб» тек бәсекелестік танытуға тырысады.

Сен «Жеңіске» келмей тұрып, бұл клубта отандасың әрі бұрынғы командаласың Разак Абалора ойнаған еді. Онымен кеңестің бе?

– Жоқ, мені агентім көндірді. Ол «Жеңістің» қандай көркем қалада орналасқанын көрсетіп, қызықты жобаны таныстырды. Чехиядан ұсыныстар болғанына қарамастан, жаңа бірдеңе байқап көргім келді. Бұрын Қазақстан туралы ештеңе білмейтінмін.

Гана құрамасының матчы алдында сені қолдау үшін 100-ден астам адам 7,5 сағат жол жүріп келді. Бұл қандай фан-клуб және мұндай ажиотаж қайдан шықты?

– Ел намысын қорғау – үлкен мәртебе, сондықтан жақындарым мен достарым мені осылай жігерлендіргісі келді. Олар ұлттық құрамаға ілігудің қаншалықты қиын екенін түсінеді. Оның үстіне жеке жанкүйерлерім де бар, солардың арқасында мен ҚПЛ-да да, Ганада да ең танымал ойыншылардың біріне айналып келемін.

Томас Парти, Антуан Семеньо және Мохаммед Кудус сияқты футболшылармен бір киім ауыстыратын бөлмеде болу қандай сезім?

– Мен ешқандай қысымды немесе арамыздағы алшақтықты сезінбеймін. Құрамаға өтпей тұрып-ақ ең топ-ойыншылармен жолым түйіскен. Иә, олармен алаңға шығу жағымды, бірақ мен де осал емеспін.

Халықаралық деңгейде ойнамасаң да, көктемде Австриядағы (1:5) ойында африкалықтарға мінбеден жанкүйер болдың. Сен үшін Ганамен байланыс не білдіреді?

– Ол байланыс үзілген жоқ. Чехияда қанша ойнасам да, клубқа құрамаға шақыру туралы хабарламалар келіп тұратын. Бас бапкер де мені ұмытпайды, менде жақсы бәсекелестің бар екенін айтады – ол таяуда ғана Францияның 1-лигасында ойнады. Сәл күш салсам, қайта орала алатынымды түсінемін.
Жігіттер мундиальда жаман өнер көрсеткен жоқ. Бұл бәрі күткен нәтиже емес еді, бұдан да жақсы ойнауға болатын. Дегенмен Англиямен 0:0 және Хорватиядан минималды жеңіліс (1:2) – жаман көрсеткіш емес. Буын жоғалған жоқ, керісінше – маған Гананың жастары ұнайды.

«Жеңісте» қандай мақсаттарды көздейсің? «Сары-қараларда» амбициясы жоғары басшылар мен еш босаңсуға жол бермейтін капитан бар.

– Иә, Қуат – жынды (күледі). Маусымды үздік төрттікте аяқтап, Кубокты жеңіп алғымыз келеді. Мен осы үшін осындамын. Сөз жоқ, жоғарыдағы командалар мықты, бірақ «Жеңіс» әр турда өзінің ең үздік ойынын көрсетсе, бәрі де мүмкін.
Әрине, біздің қорғанысымыз мінсіз емес. Бірақ бірінші кезекте гол соғу мәселесін шешу керек, өйткені голдар шынымен жетіспейді. Осыны реттеген бойда ісіміз алға басады.

Дерек: «Жеңіс» 18 турда 15 гол соқты – бұл ҚПЛ-дағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі (үшінші орында). Соған қарамастан, астаналық ұжым Кубок жолындағы күресті жалғастыруда.

«Гуаль Сәтпаевтың орнын баса алмайды»: «Ордабасы» легионері Дастанның «Челсиге» ауысуы жайлы

Тағы да оқыңыз

Кеше, 18:38

«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер

Кеше, 16:51

«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы

Кеше, 16:44

«Қайсар» директоры – Әбікеннің кетуі туралы: ақша жағынан келісе алмадық

Кеше, 13:42

Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі

Кеше, 12:01

«Гуаль Сәтпаевтың орнын баса алмайды»: «Ордабасы» легионері Дастанның «Челсиге» ауысуы жайлы

Кеше, 09:40

Дастан Сәтпаев ойнайтын «Челси» 15 жастағы американдық шабуылшыны сатып алады

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  24 шілде, 20:39

«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты

1
Басқа жаңалықтар  24 шілде, 18:38

«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер

2
Басқа жаңалықтар  24 шілде, 16:51

«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы

3
ҚПЛ  24 шілде, 16:44

«Қайсар» директоры – Әбікеннің кетуі туралы: ақша жағынан келісе алмадық

4
Халықаралық футбол  24 шілде, 13:42

Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі

5
ҚПЛ  24 шілде, 12:01

«Гуаль Сәтпаевтың орнын баса алмайды»: «Ордабасы» легионері Дастанның «Челсиге» ауысуы жайлы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
18
13
4
1
20
43
2
ҚайратҚайрат
19
12
6
1
24
42
3
ОқжетпесОқжетпес
18
8
6
4
0
30
4
АстанаАстана
17
8
5
4
6
29
5
АқтөбеАқтөбе
18
8
4
6
6
28
6
ҰлытауҰлытау
18
7
6
5
-1
27
7
ЕлімайЕлімай
17
7
5
5
3
26
8
ЖеңісЖеңіс
18
5
7
6
-5
22
9
ТобылТобыл
18
5
4
9
-6
19
10
ҚайсарҚайсар
19
3
10
6
-7
19
11
АтырауАтырау
17
3
9
5
-3
18
12
ЖетісуЖетісу
18
4
6
8
-6
18
13
КаспийКаспий
18
5
3
10
-7
18
14
ҚызылжарҚызылжар
18
4
4
10
-8
16
15
АлтайАлтай
18
3
7
8
-8
16
16
ЕртісЕртіс
17
1
8
8
-8
11
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
АрсеналАрсенал
38
26
7
5
44
85
2
Манчестер СитиМанчестер Сити
38
23
9
6
42
78
3
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед
38
20
11
7
19
71
4
Астон ВиллаАстон Вилла
38
19
8
11
7
65
5
ЛиверпульЛиверпуль
38
17
9
12
10
60
6
БорнмутБорнмут
38
13
18
7
4
57
7
СандерлендСандерленд
38
14
12
12
-6
54
8
БрайтонБрайтон
38
14
11
13
6
53
9
БрентфордБрентфорд
38
14
11
13
3
53
10
ЧелсиЧелси
38
14
10
14
6
52
11
ФулхэмФулхэм
38
15
7
16
-4
52
12
Ньюкасл ЮнайтедНьюкасл Юнайтед
38
14
7
17
-2
49
13
ЭвертонЭвертон
38
13
10
15
-3
49
14
ЛидсЛидс
38
11
14
13
-7
47
15
Кристал ПэласКристал Пэлас
38
11
12
15
-10
45
16
Ноттингем ФорестНоттингем Форест
38
11
11
16
-3
44
17
ТоттенхэмТоттенхэм
38
10
11
17
-9
41
18
Вест ХэмВест Хэм
38
10
9
19
-19
39
19
БёрнлиБёрнли
38
4
10
24
-37
22
20
ВулверхэмптонВулверхэмптон
38
3
11
24
-41
20
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
БарселонаБарселона
38
31
1
6
59
94
2
Реал МадридРеал Мадрид
38
27
5
6
42
86
3
ВильярреалВильярреал
38
22
6
10
26
72
4
Атлетико МадридАтлетико Мадрид
38
21
6
11
18
69
5
БетисБетис
38
15
15
8
11
60
6
СельтаСельта
38
14
12
12
5
54
7
ХетафеХетафе
38
15
6
17
-6
51
8
Райо ВальеканоРайо Вальекано
38
12
14
12
-3
50
9
ВаленсияВаленсия
38
13
10
15
-9
49
10
Реал СосьедадРеал Сосьедад
38
11
13
14
-2
46
11
ЭспаньолЭспаньол
38
12
10
16
-12
46
12
Атлетик БильбаоАтлетик Бильбао
38
13
6
19
-15
45
13
СевильяСевилья
38
12
7
19
-14
43
14
АлавесАлавес
38
11
10
17
-12
43
15
ЭльчеЭльче
38
10
13
15
-8
43
16
ЛевантеЛеванте
38
11
9
18
-14
42
17
ОсасунаОсасуна
38
11
9
18
-6
42
18
МальоркаМальорка
38
11
9
18
-10
42
19
ЖиронаЖирона
38
9
14
15
-16
41
20
Реал ОвьедоРеал Овьедо
38
6
11
21
-34
29
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
БаварияБавария
34
28
5
1
86
89
2
Боруссия ДортмундБоруссия Дортмунд
34
22
7
5
36
73
3
РБ ЛейпцигРБ Лейпциг
34
20
5
9
19
65
4
ШтутгартШтутгарт
34
18
8
8
22
62
5
ХоффенхаймХоффенхайм
34
18
7
9
13
61
6
Байер 04Байер 04
34
17
8
9
21
59
7
ФрайбургФрайбург
34
13
8
13
-6
47
8
Айнтрахт ФранкфуртАйнтрахт Франкфурт
34
11
11
12
-4
44
9
АугсбургАугсбург
34
12
7
15
-16
43
10
МайнцМайнц
34
10
10
14
-9
40
11
Унион БерлинУнион Берлин
34
10
9
15
-14
39
12
Боруссия МБоруссия М
34
9
11
14
-11
38
13
ГамбургГамбург
34
9
11
14
-14
38
14
КёльнКёльн
34
7
11
16
-14
32
15
ВердерВердер
34
8
8
18
-23
32
16
ВольфсбургВольфсбург
34
7
8
19
-24
29
17
ХейденхаймХейденхайм
34
6
8
20
-31
26
18
Санкт-ПаулиСанкт-Паули
34
6
8
20
-31
26
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
Интер МиланИнтер Милан
38
27
6
5
54
87
2
НаполиНаполи
38
23
7
8
22
76
3
РомаРома
38
23
4
11
28
73
4
КомоКомо
38
20
11
7
36
71
5
МиланМилан
38
20
10
8
18
70
6
ЮвентусЮвентус
38
19
12
7
27
69
7
АталантаАталанта
38
15
14
9
15
59
8
БолоньяБолонья
38
16
8
14
3
56
9
ЛациоЛацио
38
14
12
12
1
54
10
УдинезеУдинезе
38
14
8
16
-3
50
11
СассуолоСассуоло
38
14
7
17
-4
49
12
ТориноТорино
38
12
9
17
-19
45
13
ПармаПарма
38
11
12
15
-18
45
14
КальяриКальяри
38
11
10
17
-13
43
15
ФиорентинаФиорентина
38
9
15
14
-9
42
16
ДженоаДженоа
38
10
11
17
-10
41
17
ЛеччеЛечче
38
10
8
20
-22
38
18
КремонезеКремонезе
38
8
10
20
-25
34
19
ВеронаВерона
38
3
12
23
-36
21
20
ПизаПиза
38
2
12
24
-45
18
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ПСЖПСЖ
34
24
4
6
45
76
2
ЛансЛанс
34
22
4
8
31
70
3
ЛилльЛилль
34
18
7
9
15
61
4
ЛионЛион
34
18
6
10
13
60
5
МарсельМарсель
34
18
5
11
18
59
6
РеннРенн
34
17
8
9
9
59
7
МонакоМонако
34
16
6
12
6
54
8
СтрасбурСтрасбур
34
15
8
11
11
53
9
ТулузаТулуза
34
12
9
13
1
45
10
ЛорьянЛорьян
34
11
12
11
-3
45
11
ПарижПариж
34
11
11
12
-3
44
12
БрестБрест
34
10
9
15
-12
39
13
АнжеАнже
34
9
9
16
-19
36
14
ГаврГавр
34
7
14
13
-12
35
15
ОсерОсер
34
8
10
16
-10
34
16
НиццаНицца
34
7
11
16
-23
32
17
НантНант
34
5
9
20
-23
24
18
МетцМетц
34
3
8
23
-44
17