ҚПЛ-дың экс-легионері – Кенжебек туралы: ол бүкіл елдің мақтанышына айнала алады
06.12.2025 16:55

Фото: Ғалымжан Кенжебек
«Жеңістің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Василиос Карагунис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 2024 жылы елордалық клубта бірге ойнаған Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек туралы пікірімен бөлісті.
«Шынымды айтсам, мен оған бірінші күннен бастап сендім және біз бұл туралы үнемі айтып отырдық. Ғалымжан керемет прогресс жасады. Оның таланты айқын көрініп тұр, бірақ әлі де жетілдіруді қажет ететін түстары бар. Еуропаға көшкеннен кейін ол осы олқылықтың орнын толтырса, ойында шешуші рөл атқаратын болады.
Оның болашағы жарқын. Үздіксіз еңбек ету арқылы ол ірі турнирлер мен үлкен клубтарға бара алады. Бүкіл Қазақстан оны мақтан тұтатын болады», – деді Карагунис.
Грек футболшысы Кенжебектің «Олимпиакосқа» ауысуы туралы да айтты.
«Олимпиакос» ол үшін тамаша нұсқа болуы мүмкін. Онда өзін көрсеткен көптеген ойыншылар кейіннен мықты клубтардан ұсыныстар алды. Бұл, әрине, қарастыруға тұрарлық нұсқа», – деді жартылай қорғаушы.
31 жастағы Василиос Карагунис 2024 жылғы маусымның екінші жартысын «Жеңісте» өткізді (13 матч). Грекиялық жартылай қорғаушы кейінірек Косоводағы «Фероникели 74» командасына ауысты.
Ғалымжан Кенжебек соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншысына айналды, сонымен қатар еуропалық клубтардың назарын өзіне аудартты. БАҚ хабарлауынша, оны Шотландияның «Рейнджерс» және «Хартс» клубтары, сондай-ақ грекиялық «Олимпиакос» және венгриялық «Ференцварош» клубтары бақылап отыр.
Бұған дейін Карагунис «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы Чемпиондар лигасының матчы туралы пікірімен бөліскен болатын.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов