Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамына ілігуі мүмкін, бірақ биыл емес: белгілі блогер – «Қайраттың» көшбасшысы туралы
22 маусым, 08:45

Фото: Дастан Сәтпаев
Ресейлік блогер және Sports.ru редакторы Кирилл Бельский ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» болашағына баға берді.
2026 жылы мүмкіндік жоқ па?
«Сәтпаевтың бірінші командаға тез арада сіңісіп кетуі мүмкін емес дерлік. Барлық құрметіммен айтайын, ҚПЛ-дағы деңгей мен «Челсидің» тіпті жаттығуындағы қарсылық деңгейі – мүлдем бөлек. Еуропаның топ-клубындағыдай емес. Бастапқыда ұзақ әрі ауыр бейімделу кезеңінен өту тура келеді.
Дастан физикалық тұрғыдан айтарлықтай күшейді. Соңғы бір жылда тамаша бабына еніп, алға қарай маңызды қадам жасады. Дегенмен қазіргі уақытта негізгі құрамдағы орын үшін таласуға мүмкіндік жоқ десе де болады – бұл позицияда бәсекелестік жоғары. Онда Жоао Педро, Николас Джексон және Лиам Делап бар.
Сондай-ақ «Барселонадан» келген Марк Гиуді де ұмытпау керек, оның мектебі іргелі тұрғыдан Сәтпаевтыкінен көш ілгері. Егер қазақстандық ойыншыны үшінші немесе төртінші форвард ретінде алып қалған күннің өзінде, мен оның орнында болсам, жалға немесе U-21 командасына аттанар едім. Бұл қисынды қадам болар еді», – деді Бельский.
Ықтимал амплуасы
«Дастан – классикалық орталық шабуылшы емес. Ол жартылай қанатта ойнай алады, бұл қасиет Джексонға да тән. Допты қабылдау және бос аймақтар ашу үшін шетке қарай ығысу – өте пайдалы дүние, сондықтан Дастан сол қанатта ойнап кетуі мүмкін деп есептеймін. Ол позицияда әлі ешкім жарқырай қойған жоқ.
Алонсоның қандай футбол қоятыны әзірге белгісіз. Егер бұл «Байердегідей» тактика болса, онда екі шетте инсайдтар ойнауы тиіс, демек, бұл жерден жас жаңа ойыншыға орын қарастыруға болады. Бірақ алғашқы жылдан-ақ емес».
«Бірақ» деген сұрақтар тым көп
«Сәтпаев Чемпиондар лигасында еуропалық футболдың дәмін татты, енді оны шынайы сезіну керек. «Қайрат» үшін бұл қиын әрі пайдалы тәжірибе болды: олар тек «Реалды» (0:5) қабылдап қана қоймай, қарсылықтың деңгейін түсінді. Дастан бұл еурокубоктық додада бәрінен аз сасқалақтаған ойыншы болды.
Қазір допты жылдам әрі сауатты қозғайтын командаға түсу мүмкіндігі бар – серіктестеріне, жылдамдыққа, физикаға, басқа күнтізбеге және бірден үш жарыста өнер көрсетуге үйрену керек. Бірақ посткеңестік кеңістіктен үлкен бэкграундсыз келіп, бірден грандтың негізгі құрамына орнығып кеткен жастар көп пе?
ХХІ ғасырда мұндай ешкімді еске түсіре алмаймын. Аршавин «Арсеналға» ауысқанда «Зенит» сапында беделді додаларда тұрақты ойнап жүрген, дайын футболшы еді. Андрей Еуро-2008 додасында өзін көрсетіп үлгерген, әрі ол кездегі РПЛ деңгейі де жоғары болатын. Бұл көптеген ескертулері бар жалғыз мысал шығар».

Басқа нұсқалар
«Мен тек «Челсиде» қалу идеясына байланып қалмас едім. Оқығанымдай, Дастан үшін Лондонда ойнау емес, жалпы футбол ойнау маңыздырақ. Өзі де: «Арсеналдан» ұсыныс түссе – окей», – деді ғой. Ол құнды билетке ие болды, ендігі жерде жалға берілуге келісіп, деңгейін өсіруі керек», – деп толықтырды ол.
Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың 17-турындағы «Қызылжарға» қарсы матч (3:0) Дастан Сәтпаевтың «Қайрат» футболшысы ретіндегі соңғы ойыны болды. Таяу күндері 17 жастағы шабуылшы Ұлыбританияға ұшып барып, «Челси» сапына қосылады.
Қазақстан құрамасының ойыншысы алматылық клуб сапында 2024 жылдың 26 мамырында дебют жасаған еді. Ол барлық додаларда 58 кездесуге қатысып, 26 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.
Тағы да оқыңыз
Кеше, 20:39
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
Кеше, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 24 шілде, 20:39
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1Басқа жаңалықтар 24 шілде, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2Басқа жаңалықтар 24 шілде, 16:51
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
Ордабасы43
2
Қайрат42
3
Оқжетпес30
4
Астана29
5
Ақтөбе28
6
Ұлытау27
7
Елімай26
8
Жеңіс22
9
Тобыл19
10
Қайсар19
11
Атырау18
12
Жетісу18
13
Каспий18
14
Қызылжар16
15
Алтай16
16
Ертіс11
#
Команда
Ұпай
1
Арсенал85
2
Манчестер Сити78
3
Манчестер Юнайтед71
4
Астон Вилла65
5
Ливерпуль60
6
Борнмут57
7
Сандерленд54
8
Брайтон53
9
Брентфорд53
10
Челси52
11
Фулхэм52
12
Ньюкасл Юнайтед49
13
Эвертон49
14
Лидс47
15
Кристал Пэлас45
16
Ноттингем Форест44
17
Тоттенхэм41
18
Вест Хэм39
19
Бёрнли22
20
Вулверхэмптон20
#
Команда
Ұпай
1
Барселона94
2
Реал Мадрид86
3
Вильярреал72
4
Атлетико Мадрид69
5
Бетис60
6
Сельта54
7
Хетафе51
8
Райо Вальекано50
9
Валенсия49
10
Реал Сосьедад46
11
Эспаньол46
12
Атлетик Бильбао45
13
Севилья43
14
Алавес43
15
Эльче43
16
Леванте42
17
Осасуна42
18
Мальорка42
19
Жирона41
20
Реал Овьедо29
#
Команда
Ұпай
1
Бавария89
2
Боруссия Дортмунд73
3
РБ Лейпциг65
4
Штутгарт62
5
Хоффенхайм61
6
Байер 0459
7
Фрайбург47
8
Айнтрахт Франкфурт44
9
Аугсбург43
10
Майнц40
11
Унион Берлин39
12
Боруссия М38
13
Гамбург38
14
Кёльн32
15
Вердер32
16
Вольфсбург29
17
Хейденхайм26
18
Санкт-Паули26
#
Команда
Ұпай
1
Интер Милан87
2
Наполи76
3
Рома73
4
Комо71
5
Милан70
6
Ювентус69
7
Аталанта59
8
Болонья56
9
Лацио54
10
Удинезе50
11
Сассуоло49
12
Торино45
13
Парма45
14
Кальяри43
15
Фиорентина42
16
Дженоа41
17
Лечче38
18
Кремонезе34
19
Верона21
20
Пиза18
#
Команда
Ұпай
1
ПСЖ76
2
Ланс70
3
Лилль61
4
Лион60
5
Марсель59
6
Ренн59
7
Монако54
8
Страсбур53
9
Тулуза45
10
Лорьян45
11
Париж44
12
Брест39
13
Анже36
14
Гавр35
15
Осер34
16
Ницца32
17
Нант24
18
Метц17
Әлишер Аманжол