«Астана» легионерінің агенті: Италиядан қызығушылық болды, бірақ Кажуколовас ҚПЛ-да бақытты
16 сәуір, 10:33

Фото: Кипрас Кажуколовас
«Жальгиристің» экс-футболшысы және Кипрас Кажуколовастың өкілі Саулюс Миколюнас ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Астана» қорғаушысының алаңға қашан оралатынын айтып берді.
«Қазір Кажуколовас Дубайда мамандардың бақылауымен қарқынды жаттығу үстінде. Оңалтуға күніне 4-5 сағат жұмсайды: жүгіреді, денесін шынықтырады. Бір аптадан кейін ол Астанаға ұшып келуі керек, сол жерде қалпына келудің соңғы кезеңінен өтеді. Жазға қарай бабында болады деп күтіп отырмыз.
Кипрас – төзімді жігіт, сондықтан тізесіндегі мәселелерге бола мойымайды. Мұндай деңгейде осалдар жоқ. Ал дағдарыс аясында кету туралы ой да болған жоқ: «Астана» – үлкен клуб, ол өзін ол жақта жайлы сезінеді», – деді агент.
Сондай-ақ Миколюнас «Брайтонның» экс-қорғаушысы өткен жылы мансабын қайда жалғастыруы мүмкін болғанын да айтып берді:
«Ол Қазақстанға үйренісіп, бас бапкермен жақсы тіл табысып кетті. Әрине, 25 жаста тоқтамай өсе бергің келеді, бірақ әзірге Кипрасқа бәрі ұнап жүр. Жарақат алғанға дейін оған италиялық және швейцариялық командалар қызығушылық танытқан еді», – деп қосты ол.
Естеріңізге сала кетейік, литвалық Кипрас Кажуколовас осыдан сегіз ай бұрын тізенің крест тәрізді байламдарын үзіп алып, қатардан шығып қалған болатын. Елордалық клубтың сапында ол 58 матч өткізіп, үш гол соққан.
Айта кетейік, Саулюс Миколюнас – кезінде «Жальгирис», беларусьтік «Шахтер» және шотландиялық «Хартс» сапында өнер көрсеткен танымал футболшы. Жартылай қорғаушы Литва ұлттық құрамасының жейдесінде 101 ойын өткізген.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол