ҚПЛ-дың үш дүркін чемпионы – Вайсстың «Ақтөбеге» келуі туралы: беделді тұлға нәтижеге кепілдік бермейді
21 ақпан, 21:13

Фото: Владимир Вайсс
«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Владимир Муханов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында словакиялық маман Владимир Вайсстың «ақ-қызылдардың» бас бапкері қызметіне келу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
«Вайсс – ойынға деген өзінің көзқарасы бар жоғары деңгейдегі маман. Әрине, ол өз тәжірибесінен «Ақтөбеге» жаңашылдық әкелер еді. Жолы бола ма, жоқ па? Оны дөп басып айту қиын. Беделді тұлғаның келуі үнемі нәтижеге кепілдік бермейді. Мен Вайссқа үлкен құрметпен қараймын. Кез келген үміткерді атаңызшы – ол не істер еді? Нәтиже қандай болатынын алдын ала болжау әрдайым өте қиын.
Бапкер жарты жыл немесе бір жыл жұмыс істегенде ғана оның нәтижесі, ойыны мен философиясы көрінеді. Сол кезде ғана бірдеңе айтуға болады. Өйткені ойынды қолда бар ойыншыларға бейімдеп құру – бір саясат. Ал нақты бір ойын үлгісін көріп, соған сай футболшыларды іріктеу әлдеқайда қиын. Вайсс бұл екі жағдайды да басынан өткерген шығар. Біз оның командаларының ойын өрнегін көрдік», – деді Муханов.
БАҚ мәліметінше, «Ақтөбе» қазіргі бапкері Николай Костовтың орнына маман іздеп жатыр. Басты үміткер – алдын ала келіссөздер жүргізіліп қойған Владимир Вайсс. Қазір словакиялық маман братиславалық «Слованмен» чемпиондық үшін таласуда, бірақ мамырдың соңына қарай босауы мүмкін. Вайсс Қазақстанда «Қайраттағы» жұмысымен танымал. Ол алматылықтармен бірге екі рет ел Кубогын, сондай-ақ ҚПЛ-дың күміс және екі дүркін қола жүлдесін жеңіп алған.
Владимир Муханов – «Ақтөбе» тарихындағы ең көп титул жеңіп алған бапкер. Ресейлік маманның жетекшілігімен «ақ-қызылдар» Қазақстан чемпионатында үш рет топ жарған, сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогын иеленген.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов