«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері – Нанидің келуі жайлы: тамаша пиар, бірақ іс жүзінде көреміз
19 ақпан, 19:02

Фото: Луиш Нани
«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Владимир Муханов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында португалиялық вингер Луиш Нанидің «ақ-қызылдар» қатарына қосылуына қатысты пікір білдірді.
«Ақтөбе – мен үшін туған клуб. Иә, командада қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа инвестордың академия, база және басқа да барлық инфрақұрылымды салу сияқты ауқымды жоспарлары бар екенін білемін. Дегенмен, жолдың басында олар тым үлкен мақсаттарға қол созғандай көрінеді.
Нанидің ауысуына келсек, пиар-қадам ретінде бұл – тамаша шешім. Ал іс жүзінде қалай боларын дөп басып айту қиын. Бұған байыппен қараймын. Егер инвесторлар жақсы әсер қалдыру үшін командаға ақша құя алса, бұл жаман қадам емес. Бірақ Нанидің алаңда командаға қаншалықты пайда әкелетінін айту қиын», – деді Муханов.
Айта кетейік, Владимир Муханов бапкерлік мансабының басым бөлігін Қазақстанда өткізген. Ресейлік маман «Ақтөбе», «Тобыл» және елордалық «Жеңіс» сияқты клубтарды жаттықтырды. Ол ең үлкен табысқа ақтөбелік клубтың тізгінінде жетті: командамен бірге Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Кубок иегері және Суперкубоктың екі дүркін иегері атанды.
«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының 39 жастағы экс-вингері Луиш Нани 2026 жылдың қаңтарында ресми түрде «Ақтөбе» ойыншысы атанды. Қазақстандық клуб үшін португалиялық ойыншы бір жылдық үзілістен кейін кәсіби мансабын қайта жалғастырып, бір маусымдық келісімшартқа қол қойды.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов