ҚПЛ-дың экс-легионері – Анарбековтың Еуропаға кетуі жайлы: негізгі қақпашы болатын клубқа баруы тиіс
13 қаңтар, 15:33

Фото: Темірлан Анарбеков
«Жеңіс» клубының бұрынғы қорғаушысы Матия Ром ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың прогрессіне баға беріп, оның шетелдегі болашағына қатысты пікір білдірді.
Анарбековпен бір командада ойнаған словениялық футболшы қақпашының прогрессін ерекше атап өтті:
«Ғалымжан Кенжебек секілді, Анарбеков те «Жеңістегі» кезінен бері үлкен прогресс жасады. Темірлан сол кезде-ақ әлеуетінің мықты екенін көрсеткен. Ол өте шапшаң қимылдайды, сол аяғы да өте мықты.
Кейін «Қайратта» одан әрі дамып, қазір Қазақстандағы ең үздік қақпашылардың біріне айналды», – деді Ром.
Анарбековтың еуропалық чемпионатқа ауысу мүмкіндігі туралы айта келе, Ром жас қақпашыны асығыс шешім қабылдамауға шақырды:
«Болашақта оны Еуропаның бір лигасынан көреміз деп сенемін, бірақ клуб таңдауда өте мұқият болуы керек.
Қақпашы – өте ерекше позиция. Ол дамуын жалғастыру үшін бірден негізгі қақпашы бола алатын командаға ауысуы тиіс», – деп түйіндеді Ром.
22 жастағы Анарбеков 2024 жылғы маусымда елордалық «Жеңіс» клубында өткізіп, сол кезде Словения жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Матия Роммен бірге өнер көрсетті.
Кейін қақпашы алматылық «Қайратқа» оралып, маусымды екінші нөмірлі қақпашы ретінде бастады. Алайда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Александр Заруцкий жарақат алғаннан кейін негізгі құрамдағы орынды иеленді. «Селтикке» қарсы шешуші ойында Анарбеков матчтан кейінгі пенальти сериясында үш соққыны қайтарып, клубты турнирдің негізгі кезеңіне алып шықты.
Күзде қақпашы «Ақтөбеге» қарсы ойында жақ сүйегін сындырып алып, соның салдарынан «Спортинг» пен «Реалға» қарсы матчтарды өткізіп алды. Қайта қатарға қосылған соң, Чемпиондар лигасында «Пафос», «Интер» және «Копенгагенге» қарсы кездесулерде ойнап, «Олимпиакоспен» өткен матчта кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Бұған дейін Ром бұрынғы командаласы Ғалымжан Кенжебектің «Ахматқа» ауысуына қатысты пікір білдірген болатын.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов