Кенжебекпен бірге ойнаған футболшы «Ахматқа» ауысуды дұрыс деп санайды: үлкен клубқа кете алады
13 қаңтар, 08:56

Фото: Ғалымжан Кенжебек
Беларусьтік қорғаушы Руслан Юденков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебектің «Ахмат» клубына ауысуына қатысты пікір білдірді.
Ғалымжанмен «Мақтаарал» сапында бірге ойнаған тәжірибелі футболшы Кенжебектің психологиялық тұрғыдан өскенін атап өтіп, Ресей Премьер-лигасына сәтті бейімделуі үшін маңызды факторларды атады.
«Годи – өте талантты жігіт. «Мақтааралда» оның қабілеті бірден көзге түсетін. Оны өзі де білгенімен, сол кезде басымдықтарды дұрыс қоя алмайтын еді. Қазір оған қарап, ойының өзгергенін байқайсың: өзіне көңіл бөле бастады, үйленді. Ал ұлттық құрамадағы соңғы ойындар оның көшбасшыға айналғанын және үлкен жарыстарға дайын екенін көрсетті», – деді Юденков.
Юденковтың пікірінше, қазіргі таңда Грозныйға көшу БАҚ-та айтылған Шотландия немесе Чехия клубтарындағы нұсқаларға қарағанда әлдеқайда тиімді.
«Ұсыныстарды мұқият саралау керек: біз оны нақты кім, қайда шақырғанын білмейміз. Мүмкін, «Ахматта» бас бапкер онымен жеке сөйлесіп, оған үлкен үміт артып отырған шығар. Бұған қоса, тіл жағынан қиналмайды, әрі командада Максим Самородов секілді серіктесінің болуы да маңызды. Менің ойымша, «Ахматта» оған барынша жайлы болады, бейімделу де жеңіл өтеді. Оның бәрі ойдағыдай болады деп сенемін, ал болашақта үлкен клубқа ауысуына қабілеті жетеді», – деп түйіндеді ол.
Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» клубымен 4,5 жылдық келісімшартқа отырды. Бұған дейін 22 жастағы вингерге Грекия, Венгрия және Шотландия клубтары қызығушылық танытқаны хабарланған еді.
Грозныйда Кенжебек Қазақстан құрамасындағы серіктесі Максим Самородовпен бірге дор тебеді.
Руслан Юденков пен Ғалымжан Кенжебек 2022 жылғы маусымда «Мақтаарал» клубында өнер көрсеткен.
Бұған дейін Юденков «Атырау» клубындағы болашағы жайлы пікір білдірген болатын.
Тағы да оқыңыз
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
Басты жаңалықтар
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
1«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
2Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі
4Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов