«Бекболаттың әлеуеті өте жоғары»: «Қайрат» легионері команданың 18 жастағы дарыны туралы айтты
9 шілде, 00:28

Фото: Исмаил Бекболат және Лукас Африко
Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Лукас Африко ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында 2026/27 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында черногориялық «Сутьескаға» қарсы өткен матчтағы жеңіс (2:1) туралы пікір білдірді.
«Чемпиондар лигасында оңай матчтар болмайды. Алғашқы 90 минут артта қалды, енді қуануға сәл ғана уақытымыз бар. Өз алаңымызда жеңіске жеттік, бұл өте маңызды. Ертең қалпымызға келіп, «Сутьескаға» қарсы өтетін қарымта ойынға дайындықты бірден бастаймыз.
Иә, олар есепті теңестіргеннен кейін де біз гол соғатынымызға сендік. Біз әр матчқа тек жеңіс үшін шығамыз және барымызды салуымыз керек. Өзімізге деген сенімділікті жоғалтқан жоқпыз, соның арқасында жеңісті жұлып алдық. Черногорияда да бізді осындай ауыр әрі қиын кездесу күтіп тұр», – деді қорғаушы.
Сондай-ақ, бразилиялық футболшы қазақстандық жас шабуылшы Исмаил Бекболаттың ойынына ерекше тоқталып өтті:
«Бекболатқа келетін болсақ – ол өте жас жігіт, бірақ бойында жоғары шеберлік пен үлкен әлеует бар. Оған күн сайын көп жұмыс істеп, іздену және шеберлігін шыңдау қажет. Оның әлеуеті шынымен де өте жоғары», – деді бразилиялық ойыншы.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, «сары-қаралардың» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Алаң иелері сапынан испаниялық шабуылшы Марк Гуаль мен Лукас Африконың өзі мергендік танытты.
Алматылықтардың 18 жастағы шабуылшысы Исмаил Бекболат керемет ойын көрсетіп, өз еншісіне екі нәтижелі пас жазды.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов