Эксперт – «Қайраттың» ойыны алдында: «Брюгге» негізгі ойыншыларынан айырылып қалуы мүмкін
18 қаңтар, 21:01

Фото: Христос Цолис («Брюгге» ФК)
Бельгиялық журналист және VTM Nieuws жүргізушісі Ярно Берто ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Брюггенің» екі маңызды футболшысы «Қайратқа» қарсы матчты жіберіп алуы мүмкін екенін айтты.
«Жергілікті жанкүйерлер Астанада тартысты ойын күтуде. Кубоктан шығып қалып, чемпионатта аутсайдерден жеңілген соң, «Брюггенің» «Қайратқа» есе жіберуге қақысы жоқ – әйтпесе олар еурокубоктармен қоштасады. Көңіл-күй – бір басқа, бірақ кеше команда бірнеше негізгі ойыншысынан айырылып қалған сыңайлы.
Цолис пен Верманттың 20 қаңтарда алаңға шығуға жағдайы келе ме, жоқ па – әзірге белгісіз. Жарақаттың ауырлық деңгейін әлі тексеру қажет», – деді Берто.
Еске салайық, Бельгия кубогында «Шарлеруадан» (0:2) сүрінген соң, «Брюгге» чемпионатта қарапайым «Ла-Лувьерден» (2:3) сенсациялық түрде жеңіліп қалды.
Биылғы маусымда 23 жастағы Христос Цолис 32 матч өткізіп, 11 гол соқты және 16 нәтижелі пас берді. Ал 21 жастағы Ромео Верманттың еншісінде 27 ойында тоғыз доп бар.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің жетінші турында «Қайрат» елордада «Брюггені» қабылдайды. Бұл – қонақтардың 134 жылдық тарихындағы ең алыс сапары.
Бұған дейін «Қызылжар» клубының бельгиялық бұрынғы қорғаушысы Брайан Ван Ден Богарт «Қайраттың» «Брюггеге» қарсы матчтағы мүмкіндігін бағалады.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол