Ресейлік сарапшы – «Қайраттың» ЧЛ-дағы ойыны жайлы: «Брюггеге» қарсы ойында Анарбеков құтқаруы тиіс
17 қаңтар, 11:54

Фото: Темірлан Анарбеков
«Қайратты» Чемпиондар лигасында тартысты матч күтіп тұр: команда «Астана Аренада» «Брюггені» қабылдайды. Қатал климат алматылықтардың пайдасына жұмыс істеуі мүмкін, алайда қарсыластың ойын қарқынын өз қолына алып, үш ұпайды Бельгияға алып кетуге шамасы жетеді.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ресейлік сарапшы, Okko Спорт спикері Артем Прожога қонақтардың Чемпиондар лигасының жетінші тур ойынына қандай жағдайда келіп жатқанын айтып берді.
Жаңа күшпен шығуға дайын
«Қайратқа» қарсы «Брюггенің» қандай құраммен шығатынын «Ла-Лувьермен» болатын ойыннан кейін аңғаруға болады. Плей-оффқа шығу мүмкін еместей көрінгенімен, менің ойымша, Чемпиондар лигасындағы ойындарға басымдық берген дұрыс. Қалай болғанда да, жеңіске жету керек: бұл Бельгияның коэффициенттер кестесіндегі орнын нығайтып қана қоймай, клубтың қаржысын да арттырады. Практика тұрғысынан тиімді.
Сондай-ақ «Ла-Лувьердің» «Брюггемен» ойынға дейін Кубокта көп күш жұмсағанын ескеру қажет. Олар 90 емес, 120 минут ойнады, сондықтан әлі тәжірибесі аз әрі лига аутсайдері саналатын команданы негізгі құрамсыз-ақ ұтуға болады, — деді Прожога.
Жауынгерлік рух
«Ла-Лувьердің» басты күші алаңдағы ойыншыларда емес, қақпада. Маркос Пеано — тамаша голкипер әрі чемпионаттағы «құрғақ» матчтар саны бойынша көшбасшылардың бірі. Сол ойындардың бірін ол алғашқы айналымда дәл осы «Брюггеге» қарсы өткізді (1:0). Бірақ Иван Леконың командасы реванш алуы тиіс».
Алматылықтар әлсіз тұстарды пайдалануы керек
«Жақында «Брюгге» маусым барысында көшбасшы командадан 19 ұпайға қалып келе жатып, чемпион атанды. Ал қазір арадағы ұпай айырмасы бар болғаны бір ұпай. Сондықтан Чемпиондар лигасындағы ойындарға басымдық беріп, ашуды «Қайраттан» алған жөн болар еді. Мәселе — энергияның жету-жетпеуінде.
Команда 2025 жылы қатты шаршаған: кейбір ойыншылар Еуропада ең көп ойын өткізген футболшылардың қатарына кірді, ал Қазақстанға дейін ұзақ сапар мен суық ауа-райы күтіп тұр. Осындай жағдайда еш қиналмай үш ұпай алу күмән тудырады. «Қайрат» «Ла-Лувьер» секілді төмен блокта әрекет етіп, Анарбековке және стандарттарға иек арта алады», — деп түйіндеді сарапшы.
Матч 20 қаңтар күні елордада өтеді. Бұл — «Қайраттың» өз алаңында өткізетін еурокубок маусымындағы ойыны. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчын команда сырт алаңда «Арсеналға» қарсы өткізеді.
«Брюгге» Бельгия чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Команданың жалпы құрамы 194,1 млн еуроға бағаланады. Алматылықтарға қарсы матчтың алдында «Брюгге» қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні «Ла-Лувьермен» ойнайды.
Бұған дейін «Қызылжардың» бельгиялық экс-қорғаушысы Брайан Ван Ден Богарт «Қайраттың» «Брюггеге» қарсы матчтағы мүмкіндігін бағалаған еді.
Тағы да оқыңыз
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Басты жаңалықтар
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол