«Қызылжар» 10 миллион теңгелік қарызын жаба алмауда: компания ҚФФ президентіне өтініш жолдаған
3 ақпан, 11:36

Фото: Қызылжар ФК
«Қызылжар» футбол клубының «MIGHTY SOLUTIONS» (МАЙТИ СОЛЮШИНС) ЖШС алдындағы қарызы шамамен 10 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Портал редакциясына компанияның бас директоры Алма Хусаинова хабарласып, мынадай мәлімдеме жасады:
«2013 жылдан бері біз «Қызыл-Жар СК» футбол клубына қызмет көрсетіп келеміз. Ел аумағы бойынша команданы қонақүйге орналастыру, тамақтандыру және тасымалдау қызметтерімен қамтамасыз еттік. Осы жылдар ішінде көрсетілген қызметтердің барлығы клуб тарапынан ешқандай ескертусіз толық көлемде қабылданып отырды.
Қазіргі уақытта клуб Қостанай мен Астана қалаларында команданың тұруы мен тамақтануына байланысты көрсетілген қызметтер үшін «MIGHTY SOLUTIONS» ЖШС алдындағы 9 852 420 теңге көлеміндегі қарызын төлемеген.
Сотқа дейінгі тәртіппен біз қарызды растау туралы ресми хат және барлық растайтын құжаттары қоса тіркелген талап-арыз хатын жолдадық.
Аталған екі хатқа да «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы басшылығынан (Николай Панин) ресми жауап алынды. Онда олар ішкі қаржылық аудиттің қорытындысына сүйене отырып, көрсетілген қызметтерді растаудан және қарызды төлеуден бас тартатынын хабарлаған.
Сонымен қатар «MIGHTY SOLUTIONS» ЖШС қазіргі «Қызылжар» клубының басшылығына да ресми хат жолдаған. Алайда бас менеджер Әлішер Апсалямов тарапынан нақты жауап алынбады.
Айта кету керек, заңды тұлғаның ауысуы, қайта ұйымдастыру немесе қарызды формалды түрде мойындамау – нақты көрсетілген қызметтер үшін туындаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды және оларды төлеу міндетін жоймайды.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) мүшесі болып табылатын және ресми жарыстарға қатысатын «Қызыл-Жар» футбол клубы Федерация субъектісі ретінде тиісті құқықтар мен міндеттерге ие, оның ішінде контрагенттер алдындағы шарттық міндеттемелерді орындау жауапкершілігі де бар, – деді Хусаинова.
Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша Қазақстан футбол федерациясының Дауларды шешу палатасына да жүгінген, алайда елімізде футболға жауап беретін орган бұл іске көмектесе алмаған.
Осы себепті компания басшысы ҚФФ президенті Марат Омаровқа ашық хат жолдауға мәжбүр болған. Төменде ҚФФ-на жолданған өтініштің суреттері берілген.



Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясынан ресми жауап түскен жоқ.
Тағы да оқыңыз
Кеше, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Кеше, 16:51
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
Басты жаңалықтар
Басқа 24 шілде, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
1Басқа 24 шілде, 16:51
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
2Халықаралық футбол 24 шілде, 13:42
Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
Ордабасы43
2
Қайрат42
3
Оқжетпес30
4
Астана29
5
Ақтөбе28
6
Ұлытау27
7
Елімай26
8
Жеңіс22
9
Тобыл19
10
Қайсар19
11
Атырау18
12
Жетісу18
13
Каспий18
14
Қызылжар16
15
Алтай16
16
Ертіс11
#
Команда
Ұпай
1
Арсенал85
2
Манчестер Сити78
3
Манчестер Юнайтед71
4
Астон Вилла65
5
Ливерпуль60
6
Борнмут57
7
Сандерленд54
8
Брайтон53
9
Брентфорд53
10
Челси52
11
Фулхэм52
12
Ньюкасл Юнайтед49
13
Эвертон49
14
Лидс47
15
Кристал Пэлас45
16
Ноттингем Форест44
17
Тоттенхэм41
18
Вест Хэм39
19
Бёрнли22
20
Вулверхэмптон20
#
Команда
Ұпай
1
Барселона94
2
Реал Мадрид86
3
Вильярреал72
4
Атлетико Мадрид69
5
Бетис60
6
Сельта54
7
Хетафе51
8
Райо Вальекано50
9
Валенсия49
10
Реал Сосьедад46
11
Эспаньол46
12
Атлетик Бильбао45
13
Севилья43
14
Алавес43
15
Эльче43
16
Леванте42
17
Осасуна42
18
Мальорка42
19
Жирона41
20
Реал Овьедо29
#
Команда
Ұпай
1
Бавария89
2
Боруссия Дортмунд73
3
РБ Лейпциг65
4
Штутгарт62
5
Хоффенхайм61
6
Байер 0459
7
Фрайбург47
8
Айнтрахт Франкфурт44
9
Аугсбург43
10
Майнц40
11
Унион Берлин39
12
Боруссия М38
13
Гамбург38
14
Кёльн32
15
Вердер32
16
Вольфсбург29
17
Хейденхайм26
18
Санкт-Паули26
#
Команда
Ұпай
1
Интер Милан87
2
Наполи76
3
Рома73
4
Комо71
5
Милан70
6
Ювентус69
7
Аталанта59
8
Болонья56
9
Лацио54
10
Удинезе50
11
Сассуоло49
12
Торино45
13
Парма45
14
Кальяри43
15
Фиорентина42
16
Дженоа41
17
Лечче38
18
Кремонезе34
19
Верона21
20
Пиза18
#
Команда
Ұпай
1
ПСЖ76
2
Ланс70
3
Лилль61
4
Лион60
5
Марсель59
6
Ренн59
7
Монако54
8
Страсбур53
9
Тулуза45
10
Лорьян45
11
Париж44
12
Брест39
13
Анже36
14
Гавр35
15
Осер34
16
Ницца32
17
Нант24
18
Метц17