Қалдыбеков — «Қайсарға» ауысуы жайлы: Кумыковтың сенімінің арқасында ауыстым
11.11.2025 14:45

Фото: Ерсұлтан Қалдыбеков
«Қайсардың» жартылай қорғаушысы Ерсұлтан Қалдыбеков ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында бапкер Виктор Кумыковпен жұмыс істеу тәжірибесі және жазғы трансферлік таңдауы туралы айтты.
— Маусымның екінші жартысында Виктор Балютұлы Кумыковтың қоластында ойнадыңыз. Бапкердің командамен және сізбен қарым-қатынасыңыз жайлы айтсаңыз. Ол баптаған барлық ойыншы маманның өте мықты екенін атап өтеді.
— Ол өте тәжірибелі маман. «Қайсарға» келгеннен кейінгі алғашқы теориялық сабақтар кезінде ол кісіден біраз нәрсе түйіп алдым. Оның өзінің футбол философиясы бар. Сол ойынымен біраз командаларда жақсы нәтижелерге жетіп жүрді. Барлық қарсылас «Қайсардың» стандарттарынан қорқатын. Стандарттық жағдайлар — Виктор Балютұлының негізгі қаруы. Барлық қарсыластар әсіресе осы сәттерге көп назар бөлетін.
— Жаз мезгілінде де сізде бірнеше клубтан ұсыныс болды. Не себептен «Қайсарды» таңдадыңыз?
— Виктор Балютұлы тікелей маған хабарласты. Сол кезде ол маған толық сенетінін және негізгі құрамда ойнауға мүмкіндік беретінін айтты. Дәл сол себептен «Қайсарға» көшемін деп шештім.
2025 жылғы маусымда Ерсұлтан Қалдыбеков жазғы трансферлік терезеде «Атыраудан» «Қайсарға» ауысып, қызылордалық клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды. 23 жастағы жартылай қорғаушы Премьер-лигада 22 матч өткізіп, бір голдық пас беріп, тұрақты құрамда өнер көрсетті. «Қайсар» маусымды 11-орында аяқтап, 22 ұпай жинады және бірде-бір легионерсіз ойнаған жалғыз команда болды.
Бұған дейін Қалдыбеков өткен маусымға баға беріп, команданың ішкі атмосферасы туралы айтты.
Тағы да оқыңыз
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
Басты жаңалықтар
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
1«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
2Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі
4Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов