«Топ-клубтардан ұсыныс түсті»: Дамир Марат — ҚПЛ-2025, «Оқжетпес» және Еуропада ойнау жайлы
03.11.2025 21:56

Фото: Дамир Марат
«Оқжетпестің» 24 жастағы жартылай қорғаушысы Дамир Марат ҚПЛ-дың осы маусымындағы басты жаңалықтардың бірі болды. Ол 26 матч өткізіп, төрт гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды, ал оның командасы сегізінші орын алды.
ASnews.kz тілшісі Әлім Динасыловқа берген сұхбатында Марат мына мәселелерді қамтып өтті:
- сәтті маусымның себептері;
- ұлттық құрамаға шақырылу мүмкіндігі;
- Қазақстандағы топ-клубтардың қызығушылығы.
— Жалпы, сіздің футболдық мансабыңыздан бастасақ. Интернетте футболға келгеніңіз жайлы ақпарат өте аз екен, сол себепті қалай, қай жерде бастадыңыз, алғашқы бапкеріңіз кім болды?
— Бала кезімде мектеп аралық жарыс болған. Сол жарыста мені байқап, «Цесна» футбол клубына шақырған. Бұл оқиға 2011 жылы болды. Алғашқы бапкерім — Маруняк Василий Васильевич.
— Енді, өткен маусым жайлы айтсақ. Жалпы, «Оқжетпес» үшін маусымды қалай бағалайсыз?
— Жалпы «Оқжетпес» үшін жақсы маусым болды деп ойлаймын. Себебі жыл басында қойылған тапсырма жоғарғы лигада қалу еді, біз болсақ ол тапсырманы мерзімінен бұрын орындап қойдық. Екінші айналымның соңына таман шаршаған сияқтымыз, сонымен сегізінші орында аяқтадық, бірақ жалпылама алатын болсақ, «Оқжетпес» үшін жақсы маусым болды деп ойлаймын. Әрине, бұдан да жоғары орындарға таласуға болар еді, алайда сәл жетпеді.
— Ақпан айында «Оқжетпеске» ауысқанда Бірінші лигадан шыққан команда бірден Премьер-лиганың сенсациясына айналады деп ойладыңыз ба?
— «Оқжетпеске» бармай тұрып, бәрі маған: «ол клубқа барып не істейсің, бәрібір Бірінші лигаға ұшып кетеді» деп айтқан еді. Алайда мен осында келгеніме еш өкінбедім, өйткені команданы көрген бірінші сәттен бастап-ақ жақсы орынға таласатынымызға сенімді болдым. Ұжым ретінде біз жақсы жасақталған едік.

— Жалпы осы маусымда өзіңіз барлық жарыстарда 26 матчта төрт гол соғып, төрт голдық пас бердіңіз. Өзіңіз үшін осы маусымды қалай бағалар едіңіз? Әзірге мансабыңыздағы ең мықты маусым деп айтуға бола ма?
— Әрине, өткен маусым мен үшін жақсы болды деп ойлаймын. Бірақ ойынымды әлде де күшейту керек. Бұдан да жақсы нәтиже көрсете аламын деп ойлаймын. Маусым бойы менде біраз мүмкіндіктер болды, оларды жүзеге асыра алғанда, қазіргіден де жақсы нәтиже болар еді. Сол себепті маған тынбай еңбектену керек.
— «Оқжетпестің» осындай ойының сыры неде деп ойлайсыз?
— Менің ойымша, біз ұжым ретінде жақсы ойнадық. Жігіттердің бәрі шамамен жасты болды, барлығымыз бір буынның адамдарымыз. Бір-бірімізбен қарым-қатынасымыз, арадағы сыйластық жақсы болды. Сол үшін алаңдағы түсіністік деңгейі жоғары болды.
— Серікжан Мужиковтың жазда «Оқжетпеске» келуі командаға жақсы жағынан әсер етті ме? Недегенмен, өте тәжірибелі, Ұлттық құраманың деңгейінде ойнайтын ардагер ойыншы ғой.
— Әрине, бұл аңызға айналған ойыншы. Тек қана Мужиков емес, командамызда Аслан Дарабаев пен Тимур Досмағамбетов те боды. Осындай ойыншылардан үйренеріміз көп, әрі олар әрқашан да кеңес беруге дайын. Мужиковтың командада болуы бізге көп көмектесті, өйткені ол тәжірибелі әрі мықты футболшы.
— Жазда команда тізгінін Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов ұстады. Оның жастармен өте жақсы жұмыс жасайтынын көрдік. Өзіңіз бапкермен бірге атқарылған жұмысты қалай бағалар едіңіз?
— Иә, Қайрат Жұмабекұлымен жұмысты жақсы бастадық. Бапкерлік штабтың өзіндік идеялары да болды, біз оларды жүзеге асыруға тырыстық. Не жетіспегенін білмеймін, мүмкін біз шаршаған сияқтымыз немесе физикалық тұрғыдан дайын болмаған шығармыз. Бәлкім, бізге ойыншылар қорының молдығы жетпей қалған да шығар.
— Қайрат Жұмабекұлымен Ұлттық құрама тізіміне іліну жайында сөйлестіңіз бе? Ол кісі жастар құрамасын баптады, яғни керекті талаптарды білетін маман.
— Ол кісі маған үнемі өзінің кеңестерін беріп отырды. Қай бағытта маған даму керектігін, қандай кездерде мұқият боул керектігін айтып отырады. Қайрат Жұмабекұлы ұлттық құраманың бапкерлік штабымен әрқашан да байланыста болды және маған біраз кеңес берді.

— Осы маусымнан кейін Премьер-лиганың басқа клубтарынан қызығушылық пайда болды ма? Осы қыста сіз клуб ауыстырасыз деген қауесеттер бар.
— Маусым аяқталып, маған Қазақстанның бірнеше топ-клубынан ұсыныс түсті. Бұйырса, алдағы уақытта шешім қабылдайтын боламын. Тактикалық тұрғыдан сәйкестіктің болуы, бапкерлік штабтың көзқарасы және болашақ мансабымның өрбу мүмкіндігін ескере отырып, клуб таңдауға тырысамыз.
— Осындай нәтижелі маусымнан кейін Ұлттық құрамаға іліну мүмкіндігі көбейді ме? Сізге деген бапкерлік штаб тарапынан қызығушылық болды ма?
— Биыл кеңейтілген тізімге ендім, әрі бапкерлік штабпен әрдайым байланыста болдым. Болашақта ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндігім артқан сияқты. Тынбай еңбектенсем, негізгі тізімге шақырылатындай мүмкіндік көбейеді деп ойлаймын.
— Шетелдік клубтардан қызығушылық бар ма? Соңғы бірнеше жылда қазақстандық ойыншылар еуропалық клубтарға қызық екенін байқадық. Өзіңізді шетелде сынап көргіңіз келеді ме?
— Әрине, әр қазақ баласы шетелде өнер көрсеткісі келеді. Мықты клубқа бару үшін өзімді Қазақстанда өте жақсы қырымнан көрсетуім керек. Келер маусымда өзімді жақсы көрсетсем, неге шетелге кетпеске? Шетелде ойнауға дайынмын.
Тағы да оқыңыз
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
Басты жаңалықтар
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
1«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
2Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі
4Турнирлік кесте
Ордабасы
Қайрат
Оқжетпес
Астана
Ақтөбе
Ұлытау
Елімай
Жеңіс
Тобыл
Қайсар
Атырау
Жетісу
Каспий
Қызылжар
Алтай
Ертіс
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов