«Нафтан» басшысы – Қазақстаннан келген жаңа футболшылар туралы: тәртіпті кәсіпқой жігіттер
22 июля, 12:34

Фото: Вадим Яковлев және Марлен Айманов
Беларусьтің «Нафтан» клубының төрағасы Игорь Латош ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық шабуылшылар Вадим Яковлев пен Марлен Аймановтың трансферлері туралы айтып берді.
Қазақстандықтарға деген ықылас немен түсіндіріледі?
«Кадр мәселесі – кез келген команда үшін жанды жер. Мәселені өз түлектеріңнің есебінен шешуге болады деген пікір бар, бірақ тәжірибе көрсеткендей, әртүрлі ел өкілдерінің қосындысы оң нәтиже береді. Мен әртүрлілік пен мультикультурализмді қолдаймын.
Қазақстандықтарға және жалпы шығыс бағытына келер болсақ, ондағы адамдардың адалдығы, тәртібі мен мінезі мені әрқашан баурап алатын. Бұл қасиеттер дәл осы Яковлев пен Аймановқа тән. Олар – тек матчтарда ғана емес, жаттығуларда да 100% күш салатын кәсіпқойлар.
Вадик бізге қыста келді, біз бірден оның жанарындағы отты байқадық. Оның қуаты мен жылдамдығы көрініп тұр. Ал Марлен өзінің функционалымен және дене бітімімен (шабуылшының бойы – 1,91 м – ред. ескертпесі) баурап алды», – деді 45 жастағы басшы.
«Атырауда» тұрақтамады, бірақ Беларусьте ойнап кетті
«Барлық футболшының «өз уақыты» болады. Сен клубқа ауысуың мүмкін, бірақ бірдеңе дұрыс болмай жатады: ұжым, бапкер немесе жеке өмірлік жағдай. Ең бастысы – ойыншыға еркіндік беріп, оның күшті жақтарын пайдалану. Мысалы, Яковлев – сол аяғы жақсы жетілген, анық байқалатын вингер.
Вадим алаң жиегінде алдап өтуден қорықпайды, ал ауырлық орталығының төмендігі арқасында қорғаушыларға қиындық тудырады. «Нафтанда» ол алаңда өзін осылай ұстай алатынын сезінді. Біз көктен жұлдыз алып жатқан жоқпыз – қысқы трансферлік кезең тіпті сәтсіз өтті.
Сапалы келісімшарттар аз болды. Сондықтан Вадик пен басқа да бірнеше жігіттің осында қалғанына ризамыз. Енді оған қысымсыз есейіп, даму керек. Маған олардың Прановичпен өзара түсіністігі ұнайды».
Факт: маусымда «Астананың» 22 жастағы түлегі қатарынан үш матчта нәтижелі пас берді.
«Нафтан» – жарыс кестесінің соңында: мәселе неде?
«Басты мәселе кадрларда болып тұр – кейбіреулер жоғары дивизион үшін әлі дайын болмай шықты. Қазір бізге тактикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да көмектесе алатын тәжірибелі жігіттер керек. Маңызды шешім қабылдай алатындар: есепті арттыру немесе ұстап тұру және т.б.
«Нафтанға» тағы 3-4 футболшы қосылуы тиіс. Орталық жартылай қорғаушыны, сондай-ақ орталық және қапталдағы қорғаушыларды қарастырып жатырмыз. Трансферлік терезе 9 тамызда жабылады, сондықтан уақыт бар. Біз жағдайды дәл осы жаңа футболшыларды алу арқылы жақсарта аламыз», – деп қосты ол.
Еске сала кетейік, Вадим Яковлевтен командаға қыста қосылса, 27 жастағы орталық шабуылшы Марлен Айманов «Нафтанға» шілде айында қосылды. Бұған дейін ол «Тұран» сапында өнер көрсетіп, алты ойында бір гол соққан еді.
14 турдан кейін Новополоцк клубы Беларусь жоғары лигасының жарыс кестесінде БАТЭ-ден үш ұпай қалып, 16-шы орында келеді.
Читайте также
Вчера, 20:39
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
Вчера, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Главные новости
КПЛ 24 июля, 20:39
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1Разное 24 июля, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2Разное 24 июля, 16:51
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирная таблица
Премьер-Лига Казахстана
#
Команда
Очки
1
Ордабасы43
2
Кайрат42
3
Окжетпес30
4
Астана29
5
Актобе28
6
Улытау27
7
Елимай26
8
Женис22
9
Тобол19
10
Кайсар19
11
Атырау18
12
Жетысу18
13
Каспий18
14
Кызылжар16
15
Алтай16
16
Иртыш11
#
Команда
Очки
1
Арсенал85
2
Манчестер Сити78
3
Манчестер Юнайтед71
4
Астон Вилла65
5
Ливерпуль60
6
Борнмут57
7
Сандерленд54
8
Брайтон53
9
Брентфорд53
10
Челси52
11
Фулхэм52
12
Ньюкасл Юнайтед49
13
Эвертон49
14
Лидс47
15
Кристал Пэлас45
16
Ноттингем Форест44
17
Тоттенхэм41
18
Вест Хэм39
19
Бёрнли22
20
Вулверхэмптон20
#
Команда
Очки
1
Барселона94
2
Реал Мадрид86
3
Вильярреал72
4
Атлетико Мадрид69
5
Бетис60
6
Сельта54
7
Хетафе51
8
Райо Вальекано50
9
Валенсия49
10
Реал Сосьедад46
11
Эспаньол46
12
Атлетик Бильбао45
13
Севилья43
14
Алавес43
15
Эльче43
16
Леванте42
17
Осасуна42
18
Мальорка42
19
Жирона41
20
Реал Овьедо29
#
Команда
Очки
1
Бавария89
2
Боруссия Дортмунд73
3
РБ Лейпциг65
4
Штутгарт62
5
Хоффенхайм61
6
Байер 0459
7
Фрайбург47
8
Айнтрахт Франкфурт44
9
Аугсбург43
10
Майнц40
11
Унион Берлин39
12
Боруссия М38
13
Гамбург38
14
Кёльн32
15
Вердер32
16
Вольфсбург29
17
Хейденхайм26
18
Санкт-Паули26
#
Команда
Очки
1
Интер Милан87
2
Наполи76
3
Рома73
4
Комо71
5
Милан70
6
Ювентус69
7
Аталанта59
8
Болонья56
9
Лацио54
10
Удинезе50
11
Сассуоло49
12
Торино45
13
Парма45
14
Кальяри43
15
Фиорентина42
16
Дженоа41
17
Лечче38
18
Кремонезе34
19
Верона21
20
Пиза18
#
Команда
Очки
1
ПСЖ76
2
Ланс70
3
Лилль61
4
Лион60
5
Марсель59
6
Ренн59
7
Монако54
8
Страсбур53
9
Тулуза45
10
Лорьян45
11
Париж44
12
Брест39
13
Анже36
14
Гавр35
15
Осер34
16
Ницца32
17
Нант24
18
Метц17
Әлишер Аманжол