ҚПЛ-дағы сенегалдық легионер: біз Марокконы лайықты түрде жеңдік
20 марта, 18:22

Фото: Оноре Гомис
«Қызылжардың» сенегалдық шабуылшысы Оноре Гомис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Африка Ұлттар кубогының финалында Мароккоға жеңіс әперген Африка футбол конфедерациясының шешіміне қатысты пікір білдірді.
«Бұл өте оғаш шешім – футболда мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Бұл африкалық басшылардың жауапкершілігі төмен екенін көрсетеді, олар көбінесе белгілі бір елдерге бұра тартады. Біз, сенегалдықтар үшін ештеңе өзгермейді: біз алаңда мықтырақ болдық және лайықты түрде жеңіске жеттік.
Жергілікті футболшылар не дейді? Әрине, бәрі бұл шешімге таңғалып отыр. Әсіресе сол матчқа қатысқандар. Бұл отандық футболға кері әсерін тигізеді. Біз тек Жаратқанға шүкіршілік етеміз және Сенегал әрқашан ең мықты екенін естен шығармаймыз», – деді Гомис.
Еске салайық, финалдағы жеңістен (1:0) екі ай өткен соң АФК апелляциялық кеңесі Сенегалға техникалық жеңіліс жазды. Пенальтиге наразылық ретінде «ойыннан бас тартқаны» үшін Марокко құрамасы Африка чемпионы болып жарияланды.
Айта кетейік, петропавлдықтардың жаңа ойыншысы Оноре Гомис – Бафетимби Гомис пен Нампалис Менди сияқты танымал футболшылардың інісі. «Лионның» бұрынғы шабуылшысы Бафетимби Франция құрамасы сапында өнер көрсетсе, ал «Уотфордтың» қазіргі жартылай қорғаушысы Нампалис – 2022 жылғы Африка Ұлттар кубогының жеңімпазы.
Бұған дейін осы шешім бойынша «Ертістің» сенегалдық корғаушы Мамаду Мбодж да өз пікірін білдірді.
Читайте также
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Главные новости
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол