«Астананың» экс-футболшысы – Гамшиктің сөздері туралы: Словакия – орта деңгейлі құрама
18 февраля, 14:50

Фото: Игорь Бугаев
«Астана» клубының және Молдова құрамасының бұрынғы шабуылшысы Игорь Бугаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Словакия құрамасындағы бас бапкердің көмекшісі Марек Гамшиктің сөздеріне жауап қатты.
Бұған дейін Гамшик Ұлттар лигасында Қазақстан және Молдова бар топта өз командасының топ жаратынына сенімді екенін айтқан еді.
«Мен кезінде Гамшикке қарсы ойнағанмын. Ол – жақсы футболшы. Бірақ мұндай матчтарда бәрі дайындық пен психологиялық жағдайға байланысты. Менің бір жаттықтырушым болды – Чемпиондар лигасын да, Олимпиаданы да жеңген Игорь Иванович Добровольский. Ол бізге әрдайым өте қарапайым сөз айтатын:
— Жігіттер, бүгін Нидерланд құрамасына қарсы ойнаймыз, сендерді дайындаудың қажеті бар ма?
— Жоқ, қажет емес, Игорь Иванович.
Нәтиже үшін бізді ешкім жазғырмайды, бірақ егер жақсы нәтиже тіркесек, біз туралы бүкіл әлем айтады. Сондықтан құрамадағы жігіттер ақша үшін емес, абыройы, аты және жанкүйерлері үшін ойнап жатқанын түсінеді деп ойлаймын», – деді Бугаев.
Сондай-ақ ҚПЛ клубтарының экс-ойыншысы қазіргі Қазақстан үшін Словакия аса қауіпті қарсылас емес екенін атап өтті.
«Словакия – Франция немесе Германия сияқты алыптардың деңгейіндегі қарсылас емес. Бұл – орта деңгейлі құрама. Қазақстан жуырда Бельгиямен тең ойнады. Словактар әлсіз деп отырған жоқпын, бірақ қазір кез-келген қарсыласпен ойнауға болады.
Футболды жейдедегі фамилиялар ойнамайды, адамдар ойнайды. Осыны есте сақтаңыздар. Барлығы әр футболшының өзіне байланысты. Тек оларға не үшін ойнап жүргенін жеткізу керек. Бүкіл ел қарап, қолдап отыр», – деп түйіндеді Игорь.
УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы C3 тобына түсті. Талғат Байсуфинов шәкірттері В дивизионына жолдама алу үшін Словакия, Молдова және Фарер аралдарымен бәсекеге түседі.
Бұған дейін «Тобыл», «Астана» және «Ертіс» клубтарында ойнаған молдовалдық экс-футболшы да алдағы турнирдегі Қазақстанның мүмкіндігі жайлы пікір білдірген болатын.
Читайте также
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Главные новости
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов