Әлем чемпионы, «Ливерпуль» мен «Рейнджерс»: Шейи Оджо кім және ол Ақтөбеге не үшін келді?

23 июля, 21:34

Әлем чемпионы, «Ливерпуль» мен «Рейнджерс»: Шейи Оджо кім және ол Ақтөбеге не үшін келді?

Фото: Шейи Оджо

«Ливерпульдің» бұрынғы футболшысы, U-20 әлем чемпионатының қатысушысы әрі жас кезінде Алекс Фергюсонның «Манчестер Юнайтеді» соңынан түскен ойыншы Ақтөбеге ұшып келді. БАҚ мәліметінше, 29 жастағы ағылшын вингері Шейи Оджо қазақстандық клубтың ұсынысын қарастырып жатыр.

ASnews.kz оның кім екенін және одан не күтуге болатынын баяндайды.

14 жасында 2 миллион фунт – «Челсимен» бәсекелестік

2011 жылдың қарашасында «Ливерпуль» «Челсиді» және бірқатар топ-клубтарды шаң қаптырып, «МК Донс» академиясынан 14 жасар Оджоны шамамен 2 миллион фунтқа сатып алды. Ойыншының толық есімі – Олувасейи Бабаджиде Оджо, ол 1997 жылы 19 маусымда Хемел-Хемпстедте дүниеге келген.

«МК Донс» академиясына ол 10 жасында түсіп, 13 жасында негізгі командамен жаттығып, U-18 құрамында алаңға шыға бастады. Ол клуб тарихында Англияның жасөспірімдер құрамасына шақырту алған алғашқы түлек атанды.

«Энфилдте» оның мансабы үлкен таланттарға тән хикаямен басталды. «Ливерпуль» сапындағы алғашқы голын ол 2016 жылдың қаңтарында Англия Кубогы матчында «Эксетерге» қарсы ойында айып алаңының сызығынан дәл бұрышқа бағытталған соққысы арқылы салды. Көп ұзамай АПЛ-дағы дебюті өтіп, Старридж бен Фирминоға голдық пастар берді.

Жалға берілген жеті клуб және бір ортақ фактор

Оджоның жалғыз, бірақ өте үлкен қиыншылығы болды. Ол «Энфилдке» Клопп клуб тарихындағы ең үздік шабуылшылар үштігін жасақтап жатқан сәтке тап келді. Салах, Мане немесе Фирминоны құрамнан ығыстыру мүмкін емес еді.

Келесі алты жылды Оджо үздіксіз жалда жүрумен өткізді. «Уиган», «Вулверхэмптон», «Фулхэм», «Реймс», «Рейнджерс», «Кардифф», «Миллуолл» – жеті клубтың ешқайсысында ол толыққанды орныға алмады.

Жағымды сәттер де болды. «Фулхэмде» ол «Шеффилд Юнайтедке» қарсы голдары нөсердей жауған ойында (5:4) дубль жасады. «Рейнджерсте» Стивен Джерардтың қол астында 36 матч өткізіп, бес гол соқты және жеті нәтижелі пас берді – бұл Райан Кенттен кейінгі команда вингерлері арасындағы ассисттер бойынша ең үздік көрсеткіш еді. Бірақ әр маусымның соңында ол бәрібір қосалқы құрамда қалып қоятын.

2016-17 жылдары бел жарақаты ойыншының прогресс жасауына кедергісін келтірді – ол қарашаға дейін алаңға шыға алмай, маусымда бар-жоғы екі матч өткізді. «Фулхэмге» енді келген кезде иығы тайып кетті. Жарақаттар тап өзі бабына келе жатқан сәттерде пайда болатын.

Әлем чемпионы – бұл жай сөз емес

Клубтық сандалыстар аясында оның өмірбаянында бөлек атап өтуге тұрарлық бір факт бар. 2017 жылы Оджо Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Англия U-20 құрамасының сапында болды. Италияға қарсы жартылай финалда ол алаңға қосалқы құрамнан шығып, екі нәтижелі пас берді. Венесуэлаға қарсы финалда да алаңға шықты – Англия Доминик Калверт-Льюиннің голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл Чемпионшиптегі жалға берілген уақыт та, жолдастық матч та емес. Оджо – толыққанды әлем чемпионы.

Мансабының түрлі кезеңдерінде оның командаластары мынадай ойыншылар болды: Трент Александер-Арнольд, Роберто Фирмино, Маркус Рэшфорд, Доминик Соланке, Эзри Конса, Адемола Лукман, Фикайо Томори, Эмилиано Мартинес, Эдуар Менди, Доминик Калверт-Льюин. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның бұрынғы топ-10 командаласының жалпы нарықтық құны 700 миллион еуродан асады.

«Марибор» және еркін агент мәртебесі

2024 жылы «Кардифф Ситиден» кеткеннен кейін Оджо Словенияның «Марибор» клубымен келісімшартқа отырды. Клуб сапында ол бір маусым ойнап, келісімшарт мерзімі 2026 жылдың 30 маусымында аяқталды. Қазір ол – еркін агент.

Клубтық карьерасында – 353 матч, 42 гол, 35 нәтижелі пас. Transfermarkt бойынша трансферлік құны – 600 мың еуро.

Бұл «Ақтөбеге» не береді?

Оджо – ҚПЛ-да сирек кездесетін деңгейдегі тәжірибеге ие футболшы. АПЛ, Чемпионшип, Лига 1, Шотландия премьер-лигасы, «Рейнджерспен» бірге Еуропа лигасында ойнады – ол Иванович, Льоренте және тағы басқа жоғары деңгейдегі ойыншыларға қарсы ойнаған.

Мәселе оның ҚПЛ үшін деңгейі жете ме дегенде емес – ол жеткілікті екені анық. Мәселе басқада: оның ұзақ қашықтыққа ынта-жігері жете ме? Оджоның мансабы – тұрақты үйі болмаған талант туралы хикая. 29 жасында Ақтөбеге тұрақты келісімшарт ұсынысымен келіп отырған оның соңғы бірнеше жылда алғаш рет тұрақтап қалуға мүмкіндігі бар.

Еске сала кетейік, ҚПЛ-ның 18 турынан кейін «Ақтөбе» бесінші орында келеді.

«Челси» шектеуге байланысты 13 ойыншыдан арылады. Дастан Сәтпаевтың жағдайы не болмақ?

Читайте также

Вчера, 20:39

«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты

Вчера, 18:38

«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер

Вчера, 16:51

«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы

Вчера, 16:44

«Қайсар» директоры – Әбікеннің кетуі туралы: ақша жағынан келісе алмадық

Вчера, 13:42

Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі

Вчера, 12:01

«Гуаль Сәтпаевтың орнын баса алмайды»: «Ордабасы» легионері Дастанның «Челсиге» ауысуы жайлы

Главные новости

КПЛ  24 июля, 20:39

«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты

1
Разное  24 июля, 18:38

«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер

2
Разное  24 июля, 16:51

«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы

3
КПЛ  24 июля, 16:44

«Қайсар» директоры – Әбікеннің кетуі туралы: ақша жағынан келісе алмадық

4
Международный футбол  24 июля, 13:42

Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі

5
КПЛ  24 июля, 12:01

«Гуаль Сәтпаевтың орнын баса алмайды»: «Ордабасы» легионері Дастанның «Челсиге» ауысуы жайлы

6
Все новости

Турнирная таблица

Премьер-Лига Казахстана
#
Команда
И
В
Н
П
+/-
Очки
1
ОрдабасыОрдабасы
18
13
4
1
20
43
2
КайратКайрат
19
12
6
1
24
42
3
ОкжетпесОкжетпес
18
8
6
4
0
30
4
АстанаАстана
17
8
5
4
6
29
5
АктобеАктобе
18
8
4
6
6
28
6
УлытауУлытау
18
7
6
5
-1
27
7
ЕлимайЕлимай
17
7
5
5
3
26
8
ЖенисЖенис
18
5
7
6
-5
22
9
ТоболТобол
18
5
4
9
-6
19
10
КайсарКайсар
19
3
10
6
-7
19
11
АтырауАтырау
17
3
9
5
-3
18
12
ЖетысуЖетысу
18
4
6
8
-6
18
13
КаспийКаспий
18
5
3
10
-7
18
14
КызылжарКызылжар
18
4
4
10
-8
16
15
АлтайАлтай
18
3
7
8
-8
16
16
ИртышИртыш
17
1
8
8
-8
11
#
Команда
И
В
Н
П
+/-
Очки
1
АрсеналАрсенал
38
26
7
5
44
85
2
Манчестер СитиМанчестер Сити
38
23
9
6
42
78
3
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед
38
20
11
7
19
71
4
Астон ВиллаАстон Вилла
38
19
8
11
7
65
5
ЛиверпульЛиверпуль
38
17
9
12
10
60
6
БорнмутБорнмут
38
13
18
7
4
57
7
СандерлендСандерленд
38
14
12
12
-6
54
8
БрайтонБрайтон
38
14
11
13
6
53
9
БрентфордБрентфорд
38
14
11
13
3
53
10
ЧелсиЧелси
38
14
10
14
6
52
11
ФулхэмФулхэм
38
15
7
16
-4
52
12
Ньюкасл ЮнайтедНьюкасл Юнайтед
38
14
7
17
-2
49
13
ЭвертонЭвертон
38
13
10
15
-3
49
14
ЛидсЛидс
38
11
14
13
-7
47
15
Кристал ПэласКристал Пэлас
38
11
12
15
-10
45
16
Ноттингем ФорестНоттингем Форест
38
11
11
16
-3
44
17
ТоттенхэмТоттенхэм
38
10
11
17
-9
41
18
Вест ХэмВест Хэм
38
10
9
19
-19
39
19
БёрнлиБёрнли
38
4
10
24
-37
22
20
ВулверхэмптонВулверхэмптон
38
3
11
24
-41
20
#
Команда
И
В
Н
П
+/-
Очки
1
БарселонаБарселона
38
31
1
6
59
94
2
Реал МадридРеал Мадрид
38
27
5
6
42
86
3
ВильярреалВильярреал
38
22
6
10
26
72
4
Атлетико МадридАтлетико Мадрид
38
21
6
11
18
69
5
БетисБетис
38
15
15
8
11
60
6
СельтаСельта
38
14
12
12
5
54
7
ХетафеХетафе
38
15
6
17
-6
51
8
Райо ВальеканоРайо Вальекано
38
12
14
12
-3
50
9
ВаленсияВаленсия
38
13
10
15
-9
49
10
Реал СосьедадРеал Сосьедад
38
11
13
14
-2
46
11
ЭспаньолЭспаньол
38
12
10
16
-12
46
12
Атлетик БильбаоАтлетик Бильбао
38
13
6
19
-15
45
13
СевильяСевилья
38
12
7
19
-14
43
14
АлавесАлавес
38
11
10
17
-12
43
15
ЭльчеЭльче
38
10
13
15
-8
43
16
ЛевантеЛеванте
38
11
9
18
-14
42
17
ОсасунаОсасуна
38
11
9
18
-6
42
18
МальоркаМальорка
38
11
9
18
-10
42
19
ЖиронаЖирона
38
9
14
15
-16
41
20
Реал ОвьедоРеал Овьедо
38
6
11
21
-34
29
#
Команда
И
В
Н
П
+/-
Очки
1
БаварияБавария
34
28
5
1
86
89
2
Боруссия ДортмундБоруссия Дортмунд
34
22
7
5
36
73
3
РБ ЛейпцигРБ Лейпциг
34
20
5
9
19
65
4
ШтутгартШтутгарт
34
18
8
8
22
62
5
ХоффенхаймХоффенхайм
34
18
7
9
13
61
6
Байер 04Байер 04
34
17
8
9
21
59
7
ФрайбургФрайбург
34
13
8
13
-6
47
8
Айнтрахт ФранкфуртАйнтрахт Франкфурт
34
11
11
12
-4
44
9
АугсбургАугсбург
34
12
7
15
-16
43
10
МайнцМайнц
34
10
10
14
-9
40
11
Унион БерлинУнион Берлин
34
10
9
15
-14
39
12
Боруссия МБоруссия М
34
9
11
14
-11
38
13
ГамбургГамбург
34
9
11
14
-14
38
14
КёльнКёльн
34
7
11
16
-14
32
15
ВердерВердер
34
8
8
18
-23
32
16
ВольфсбургВольфсбург
34
7
8
19
-24
29
17
ХейденхаймХейденхайм
34
6
8
20
-31
26
18
Санкт-ПаулиСанкт-Паули
34
6
8
20
-31
26
#
Команда
И
В
Н
П
+/-
Очки
1
Интер МиланИнтер Милан
38
27
6
5
54
87
2
НаполиНаполи
38
23
7
8
22
76
3
РомаРома
38
23
4
11
28
73
4
КомоКомо
38
20
11
7
36
71
5
МиланМилан
38
20
10
8
18
70
6
ЮвентусЮвентус
38
19
12
7
27
69
7
АталантаАталанта
38
15
14
9
15
59
8
БолоньяБолонья
38
16
8
14
3
56
9
ЛациоЛацио
38
14
12
12
1
54
10
УдинезеУдинезе
38
14
8
16
-3
50
11
СассуолоСассуоло
38
14
7
17
-4
49
12
ТориноТорино
38
12
9
17
-19
45
13
ПармаПарма
38
11
12
15
-18
45
14
КальяриКальяри
38
11
10
17
-13
43
15
ФиорентинаФиорентина
38
9
15
14
-9
42
16
ДженоаДженоа
38
10
11
17
-10
41
17
ЛеччеЛечче
38
10
8
20
-22
38
18
КремонезеКремонезе
38
8
10
20
-25
34
19
ВеронаВерона
38
3
12
23
-36
21
20
ПизаПиза
38
2
12
24
-45
18
#
Команда
И
В
Н
П
+/-
Очки
1
ПСЖПСЖ
34
24
4
6
45
76
2
ЛансЛанс
34
22
4
8
31
70
3
ЛилльЛилль
34
18
7
9
15
61
4
ЛионЛион
34
18
6
10
13
60
5
МарсельМарсель
34
18
5
11
18
59
6
РеннРенн
34
17
8
9
9
59
7
МонакоМонако
34
16
6
12
6
54
8
СтрасбурСтрасбур
34
15
8
11
11
53
9
ТулузаТулуза
34
12
9
13
1
45
10
ЛорьянЛорьян
34
11
12
11
-3
45
11
ПарижПариж
34
11
11
12
-3
44
12
БрестБрест
34
10
9
15
-12
39
13
АнжеАнже
34
9
9
16
-19
36
14
ГаврГавр
34
7
14
13
-12
35
15
ОсерОсер
34
8
10
16
-10
34
16
НиццаНицца
34
7
11
16
-23
32
17
НантНант
34
5
9
20
-23
24
18
МетцМетц
34
3
8
23
-44
17