Мессидің клубында ойнап, атыс естіп ұйықтаған: Симамура – «Ертістің» жаңа самурайы
21 апреля, 10:12

Фото: Юси Симамура
Соңғы жыл ішінде ҚПЛ-да күтпеген жерден үш жапон футболшысы пайда болды. Егер «Ұлытау» Котаро Киши мен Хироки Харадаға сенім артса, «Ертіс» тәжірибелі Юси Симамурамен келісімшартқа отырды. Алтыншы нөмір – қазірдің өзінде Кирилл Альшевский командасының көшбасшыларының бірі.
ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 26 жастағы жартылай қорғаушы:
- Аргентинадағы қиын кезеңі туралы айтты;
- Словакия және Қазақстан футболын салыстырды;
- Шотландиядағы Ислам Чесноковтың тікелей бәсекелесін еске алды.
– Юси, «Алтай» қақпасына гол соғып, «Ертіске» маусымдағы алғашқы жеңісті сыйладыңыз (1:0). Бірақ аса қуанышты болмадыңыз. Бұл әрекетіңіз нені білдіреді?
– Біз қатарынан үш тур тең ойнадық, сондықтан бұл жолы қалай да жеңуіміз керек болды. Гол соққаныма қуаныштымын. Шын мәнінде, мен голды қатты тойлайтындардың қатарынан емеспін, сондықтан бұл менің табиғи реакциям (күліп). Ал бұл қимылымды сүйікті адамыма арнаймын.
– 18 жасыңызда Жапониядан Аргентинаға көштіңіз. «Ньюэллс Олд Бойзға» қалай ауыстыңыз? Ол елде не нәрсе таңғалдырды және ол жақта Мессиді қаншалықты құрметтейді?
– Жас кезімде өз елімде өнер көрсеттім, кенеттен Аргентинамен байланысы бар агент маған осындай мүмкіндік ұсынды. Еш ойланбастан келістім. «Ньюэллс» тікелей Мессимен байланысты, ал Росарио – оның туған қаласы, әрине, оған деген үлкен таңданыс пен құрмет бар.
– Нағыз жапониялық футболшыға Оңтүстік Америкада тұру қалай екен? Бұл мүлдем басқа мәдениет қой.
– Бәрі басқаша болды: діл, өмір ырғағы, барлығы дерлік. Аргентинадағы тәжірибе мінезімді шыңдады. Ол жақта футболдың негізін қаладым десем, өтірік айтпаймын. Бұл өмірімдегі маңызды кезең болды. Ең қатты таңқалдырғаны – түнде естілетін атыс дыбыстары, сондай кезде ұйықтап көр.

Факт: Numbeo мәліметінше, Аргентина қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингінде 18-орында тұр – Ливия (21), Сомали (33) және Қазақстанға (40) қарағанда қауіптірек.
– Одан кейін Словакияға бардыңыз. «Тврдошин» мен «Земплинда» өткізген бес жыл ішінде ол сіздің екінші үйіңізге айналды ма? Олардың футболы біздікінен несімен ерекшеленеді?
– Иә, солай. Дәл осы Словакияда мен кәсіпқой футболшы ретінде дебют жасап, біртіндеп өстім, сондықтан бұл ел мен үшін өте ыстық. Чемпионаттарды салыстыру қиын, өйткені жағдайлар мен инфрақұрылымдағы айырмашылық айтарлықтай үлкен. Бірақ словактардың деңгейі жоғары. Жергілікті футболшылар әлемдік топ-лигаларға ауысып жатады.
– Тікелей сұрауға рұқсат етіңіз: жоғары дивизионда осыншама көп уақыт ойнап, бірде-бір гол соға алмауыңыздың себебі неде деп ойлайсыз? Бұл соншалықты бәсекелестігі жоғары орта ма?
– «Тврдошинде» де, «Земплинда» да мен негізінен тіреуіш жартылай қорғаушы (опорник) рөлін атқардым. Бірінші кезекте допты тартып алуға, оны бақылауға және алға жылжытуға жауапты болдым, сондықтан көп гол соққан жоқпын. Алайда, мүмкіндіктерді жақсырақ пайдалану керек еді дегенмен келісемін.
– Ол жақта сіз Ислам Чесноковтың «Хартстағы» бәсекелесі – грек Александрос Кизиридиспен кездестіңіз. Шотландиядағы бір жыл ішінде ол «6+7» нәтижесін көрсетті. Бұл вингердің қандай мықты тұстары бар?
– Ол мықты еді: өте жылдам және айып алаңында қауіпті. Шынымды айтсам, Александрос – мен Словакияда кездестірген жалғыз талант емес. Барлығы тек шешуші сәтте өзіңді көрсете білу қабілетіңе байланысты.

– «Ертіс» қатысқан соңғы төрт матчта бес қызыл қағаз көрсетілді. Айтыңызшы, қазақстандық футбол шынымен де дөрекі ме? Қақтығыстардың көптігі таңғалдырмады ма?
– Шынымды айтсам, Орталық Еуропада тартысқа одан да жиі түседі. Кейбір жағдайларда алаңнан қуумен жолымыз болмады – мысалы, бұл байқаусызда шынтақпен ұру болуы мүмкін. Есесіне, осындағы ереже бұзуға бейімділіктің арқасында мен таяудағы ойында пенальти алып бердім.
Факт: «Алтайға» қарсы матчта Симамура 11 метрлік айып соққысын алып берді, бірақ оны Вячеслав Швырев мүлт жіберді.
– Қайсысын таңдар едіңіз: қатарынан үш рет тең ойнау ма, әлде бір ғана турда ірі есеппен жеңу ме?
– Әрине, біз үнемі жеңіске жетуге ұмтыламыз. Үш ұпай әрқашан серпін береді, дегенмен ұзақ мерзімді перспективада тіпті осындай қиын матчтардың өзінде ұпай жинау маңызды екенін жоққа шығаруға болмайды. Команданың тек бір рет қана «Оқжетпеске» есе жіберуі (1:2) көп нәрсені аңғартады.
– Маусымға арналған ұжымдық және жеке мақсатыңыз туралы айтып берсеңіз. Бәлкім, 10 гол соғып, бес нәтижелі пас беруді мақсат етіп отырған боларсыз?
– Басты назарда – «Ертістің» табысы. Словакиядағы тәжірибеммен салыстырғанда, мұнда креативті әрі шабуылдаушы жартылай қорғаушыға айналып келе жатқанымды сеземін және жаңа амплуаны алып шығатыныма сенімдімін. Менің мықты тұстарым – екі аяқпен де ойнай алуым және алдыңғы шепте де, қорғаныста да көмектесе білуім.
Бапкер менен көп гол күтеді деп ойламаймын. Ол «Алтайдың» қақпасына соғылған голды көріп, таңғалған сияқты (күліп). Бірақ команда үшін жұмыс істей жүріп, гол соғып, ассист жасай алатынымды түсінемін. Әрбір эпизодта барымды салуға тырысамын.
Читайте также
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Главные новости
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлишер Аманжол