«Ақтөбе» легионері – «Эспаньолдан» неге бас тартқаны туралы: орыс тілді орта факторы маңызды болды
5 февраля, 13:19

Фото: Иван Ордец
«Ақтөбенің» жаңа ойыншысы Иван Ордец ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Германиядағы өмірдің қиындықтары және қаржылық жағынан тиімдірек болған ұсыныстар туралы айтып берді.
«Бохумда» алғашқы айларым өте қиын болды, өйткені менталитет басқа, мәдениет басқа. Немістер еуропалық өлшеммен алғанның өзінде өзгешелеу. Олар салқынқанды, бірақ өте прагматик халық. Оларда бәрі жүйелі, ал олармен салыстырғанда испандар еркіндеу келеді.
Сонымен қатар, клубта орысша сөйлейтін жалғыз мен болғаным да қиындық тудырды», – деді Ордец.
Клубқа кезінде алматылық «Қайратта» ойнаған танымал польшалық жартылай қорғаушы Яцек Гуральскидің келуі жағдайды өзгерткен екен.
«Кейін Яцек Гуральски келді. Онымен тез тіл табысып кеттік, ол керемет адам, отбасымызбен жиі араласып тұрдық. Бастапқыда оның Қазақстанда ойнағанын білмеппін. Бірде ол күтпеген жерден менімен орысша сөйлесті. Қатты таңғалдым, себебі киім ауыстыратын бөлмеде орысша сөз естуге үйренбеген едім».
Ордец «Ақтөбеге» ауысуына тілдік ортаның маңызды рөл атқарғанын мойындады. Дегенмен оған қаржылық жағынан әлдеқайда қомақты ұсыныстар түскен.
«Орыс тілді орта факторы да маңызды болды. Иә, қаржылық тұрғыдан ең тиімді ұсыныс Сауд Арабиясынан түсті. Оған дейін испаниялық «Эспаньолдан» да ұсыныс келді. Бұйыртқаны осы болды», – деді Ордец.
Еске салайық, Иван Ордец 2022 жылдың жазында Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты ФИФА-ның енгізген ережесіне сәйкес мәскеулік «Динамомен» келісімшартын бұзып, «Бохумға» ауысқан болатын. 2025 жылдың желтоқсанында 33 жастағы қорғаушы ресми түрде «Ақтөбе» ойыншысы атанды.
Читайте также
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Главные новости
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц
Әлім Динасылов