Кету туралы шешімді өзім қабылдадым: Мулич – «Елімайдағы» дағдарыс, Карпович және ҚПЛ туралы
16.06.2025 20:37

Фото: Фейсал Мулич
Қаңтар айында «Елімай» «Альянц Аренада» гол соққан және Босния футбол одағының қызығушылығын тудырған серб шабуылшысымен келісімшартқа отырды. ҚПЛ-да одан бойы ұзын ешкім болған жоқ (203 см). Әңгіме мұнда небәрі 12 матч өткізіп үлгерген Фейсал Мулич туралы болып отыр.
BorodAbata.kz тілшісімен болған сұхбатында шабуылшы:
- төмен көрсеткіштерінің және Қазақстаннан кету себептері;
- 17 жастағы Байғалиевпен достығы;
- «Елімайдың» чемпиондық мүмкіндігі жайлы айтып берді.
– Фейсал, Қазақстандағы кезеңіңізді қалай бағалар едіңіз?
– Бәрі жақсы болды. Шынымды айтсам, физикалық тұрғыдан мен өзімді керемет сезіндім, бірақ менің ойымша, жаттығу жетіспеді. Мен гол соқтым ба, жоқ па маңызды емес, бірақ 60 минуттан кейін алмастырып тастайтын, мен ондай ойыншы емеспін. Көбірек ойнағым келеді.
– Форвардтың жалғыз жұмысы гол соғу екенін білесіз, мен сіздің айып алаңында қалай гол соғуға тырысып жүргеніңізді көрдім.
– Дұрыс айтасың, досым. Әр матчтың аяқталуына жарты сағат қалғанда сені ауыстырып тастаса, қалай гол соғуға болады?
– Жылдың ең қызықты матчтарының бірі Петропавлда өтті («Қызылжарға» қарсы – 0:0). Неліктен сол ойында командалар пенальти сериясына дейін мәселені шеше алмады деп ойлайсыз?
– Менің гол соғатын бірде-бір мүмкіндігім болған жоқ. Негізі бұл кездесуге дейін «Елімайда» бәрі жақсы болған: біз жиі шабуылдап, алға шығып, қауіпті сәттер жасадық. Бірақ бірдеңе дұрыс болмады.
– Қазақстан сіз үшін ерекше жер болды ма?
– Жоқ, жоқ. Мен бұл елде өзімді өте жайлы сезіндім. Күнделікті өмірде еш қиындық көрмедім, мешітке барып, еш кедергісіз жаттығатынмын. Керемет тәжірибе болды, Құдайға шүкір деймін.
– Қазақстанда сізді ештеңе таңқалдырмады ма?
– Білесің бе, мен кәсіби футболшымын.Тәртіпке қатты қараймын, мұны жаттығуда көрсеттім. ҚПЛ-ға келмес бұрын мен мұнда кейде жалақының уақытылы берілмейтінін білетінмін, сондықтан басшылықтан осыған байланысты барлығының дұрыс жүргізілуін қадағалауды сұрадым.Бірақ жағдай басқаша өрбіді.
Оның үстіне, отбасыма оралуым керек болды. Әйелім жүкті болғандықтан Қазақстанға келе алмады. Ал қазір мен әке атандым.
– Инфрақұрылым деңгейі туралы не айта аласыз?
– Мен Сербияданмын, сондықтан қатты көңілім қалған жоқ. Жаңалықтарды оқып, қазір Қазақстан клубтары, соның ішінде «Елімай» да жаңа стадиондар салып жатқанын білемін, бұл шын мәнінде өте маңызды. Сол «Астана Аренада» ойнау өте жақсы әсер сыйлады, бірақ үйге оралғаннан кейін ұзақ уақыт бойы мұндағы алаңға үйрене алмадық. Бірақ шыдамдылық танытсақ, еліңіздегі жағдайдың жақсаратынына сенімдімін.
Құдай бұйыртса, бұл ареналар салынып бітеді. Ал футболға келетін болсақ, мен ешқандай қиындықты байқамадым, сонымен қатар жергілікті жанкүйерлердің маған деген көзқарасы ұнады. Олар өте мейірімді екен. Қазақ футболшылары да керемет жігіттер, қолдарынан бірдеңе келеді.
– «Ақтөбемен» сырт алаңда ойнадыңыз (0:1). Сізге олардың жанкүйерлері ұнады ма?
– Керемет. Қобыландының атмосферасы ғаламат болды. Олар еуропалық футболды еске түсірді – мен өзімді Англияда, Германияда немесе басқа топ чемпионатта жүргендей сезіндім. Ақтөбеде жанкүйерлер көп деп естідім, бірақ Семейде де адам көп екенін мойындаймын. Олар Ақтөбедегідей белсенді болмауы мүмкін, бірақ өз алаңымыздағы әр матчқа келіп жүрді.
– Инстаграмдағы посттарыңызға қарағанда, (Асан) Байғалиев екеуіңіз керемет байланыс орнатқан екенсіз.
– Оның аянбай еңбек етіп, жаңа нәрсені үйренуге дайын екенін көрдім. Ол еңбекқор жігіт. Асанды қанатымның астына алдым: бірге мешітке бардық, маңызды нәрселер жайлы әңгімелестік, арасында менімен бірге бөлмеде қалуын өтінетінмін. Ол естуді және тыңдауды біледі. Байғалиев менімен және (Неманья) Чаласанмен араласты (күлді).
– Сонда сіз одан серб азаматын жасамақ болдыңыз ба?
– Дәл солай (күлді). Өте жақсы жігіт.
– ҚПЛ-дағы осындай нашар жағдайға бейімделуіңізге Асан да көмектескен шығар?
– Онша емес. Шағымданғым келмейді. Мен күн сайын өзімді жетілдірумен айналыстым. Қайталап айтамын, мен клубтың жалақы төлеу кезінде кешігуі мүмкін екенін білдім, бірақ мен оларды құрметтейтін болсам, онда олар да мені құрметтеуі тиіс.
– Андрей Карповичті жаттықтырушы және тұлға ретінде қалай бағалайсыз?
– Менің ойымша, ол саналы адам. Бір-бірімізбен көп сөйлеспесек те, Карпович сондай әсер қалдырды. Біздің жаттығуымыз жоғары қарқында, сапалы өтті.
Сірә, 60-70 минуттық ойыннан кейін шабуылшыларды ауыстыру оның стратегиясының бір бөлігі ғана шығар. Ол бізді осындай күш жұмсайтын матчтарда тез шаршайды деп санайды, бірақ, шынымды айтсам, мен бұл жүктемелерді ауыр деп санамаймын. Оңтүстік Кореяда мен бір матчта 11-12 шақырым жүгіретінмін, сондықтан алаңда көбірек уақыт өткізе аламын. Бірақ бұл үшін ешкімге ренжімеймін.
– Бұқаралық ақпарат құралдарында «Елімай» Карповичтің орнына бапкер іздеп жатыр деген ақпарат шықты. Ол үлкен амбициялары мен жоғары орындар үшін күресетін командаларда жұмыс істеуге дайын деп ойлайсыз ба?
– Иә, мен оған шын жүректен табыс тілеймін. «Елімай» чемпиондыққа үміткер ретінде сапалы команда жинағандықтан, бапкерге қысым жасалуда, бірақ ол туралы жаман сөз айтпаймын. Карпович бұл кезеңнен абыроймен өтеді деп сенемін.
– Сізден кейін Эдуард Флореску клубтан кетті. Қалай ойлайсыз, румыниялық футболшының ҚПЛ-да неге жолы болмады?
– Оның кетуі мен үшін жұмбақ. Өз басым клубтан кету туралы шешімді директормен болған әңгімеден кейін қабылдадым, бірақ Эдуардқа не болғанын білмеймін. «Елімаймен» қоштасады деп ойлаған да жоқпын, мен де мұны жаңалықтардан естідім.Ол WhatsApp чатында соңғы хабарламасын қалдырып, клубтан кетіп қалды. Флореску - өте креативті және техникасы мығым жартылай қорғаушы, бірақ бапкер қазір команданың ойынына басқаша қарайтын шығар.
– Түсінікті болсын: сонда сіз келісім-шартты бұзу туралы ұсынысты өзіңіз айттыңыз ба?
– Иә, әрине. Мен олардан келісімшартты бұзып, мені босатуын өтіндім.
– Мұндағы қорғаушылардың қайсысы сізге көп қиындық тудырды?
– Бұл қиын сұрақ, себебі мен «Тобыл» немесе «Ордабасыға» қарсы ойнамадым. Барлығы бірдей қарсылық көрсетті. Бұл қиын чемпионат, оңай емес.
– Семейдің чемпион атану мүмкіндігі жоғары ма?
– Маған ҚПЛ-дың ұнағаны – кімнің чемпион болатынын, тіпті бестікке кіретінін болжай алмайсың. Ешбір клуб жыл сайын чемпион атана бермейді және бұл чемпионаттың интригасын ұстап тұрады. Кез-келген команда жеңіске жете алады. Бірақ биылғы маусымда «Астана» ерекше көзге түсті. «Елімай» үздік төрттіктен көрінеді деп сенемін, бірақ елордалық команда өте мықты. «Ақтөбе» де осыл емес. Құдай қаласа, Семейдің клубы еурокубоктарға жолдама алады.
Читайте также
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
Главные новости
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
1«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
2Сәтпаев «Челсиі» «Кристал Пэлас» қорғанысының көшбасшысы үшін £52 млн төледі
4Турнирная таблица
Ордабасы
Кайрат
Окжетпес
Астана
Актобе
Улытау
Елимай
Женис
Тобол
Кайсар
Атырау
Жетысу
Каспий
Кызылжар
Алтай
Иртыш
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Борнмут
Сандерленд
Брайтон
Брентфорд
Челси
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Эвертон
Лидс
Кристал Пэлас
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Хетафе
Райо Вальекано
Валенсия
Реал Сосьедад
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Севилья
Алавес
Эльче
Леванте
Осасуна
Мальорка
Жирона
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
РБ Лейпциг
Штутгарт
Хоффенхайм
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Аугсбург
Майнц
Унион Берлин
Боруссия М
Гамбург
Кёльн
Вердер
Вольфсбург
Хейденхайм
Санкт-Паули
Интер Милан
Наполи
Рома
Комо
Милан
Ювентус
Аталанта
Болонья
Лацио
Удинезе
Сассуоло
Торино
Парма
Кальяри
Фиорентина
Дженоа
Лечче
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Лилль
Лион
Марсель
Ренн
Монако
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Париж
Брест
Анже
Гавр
Осер
Ницца
Нант
Метц