Пшемыслав Трытко: «Қайрат» қазақстандық футболшылардың мықты екенін көрсетті
24.10.2025 11:15

Фото: Дастан Сәтпаев
«Атырау» және Польша жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Пшемыслав Трытко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан футболының дамуы туралы пікірімен бөлісті.
«Әрине, «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шыққаннан кейін Қазақстандағы футбол әрі қарай дами береді деп үміттенемін. Польшада жүргенде мен әрдайым қазақстандық ойыншылардың жақсы екенін айтамын және олар үшін тілектеспін.
Мысалы, Қалмұрза команданың үшінші қақпашысы болды, небәрі 18 жаста, бірақ ол «Реал Мадридпен» болған ойынға қатысты. Кейде бәрі өте тез болып жатады. Сәтпаев бүкіл Еуропаға танымал – мен оның «Челсиге» ауысатынын білемін. Бұл оған серпін береді деп үміттенемін.
Менің ойымша, Қазақстан футболына уақыт пен тұрақтылық керек. Қазақстандық ойыншылар Еуропаға аттануы керек. Бізде 10-15 жыл бұрын осындай жағдай болды. Қазақ футболшыларының нашар емес екенін өз көзіммен көрдім; олар тек Еуропада ойнауы қажет. Қазақстанда қалмай керек, бәрін өз көздерімен көруі тиіс. Бұл басқа әлем емес – олар Испания, Италия және Англия клубтарына қарсы ойнай алады, ал бұл футболдың дамуына көмектеседі.
«Қайраттың» матчтарын көріп жүрмін; олардың ойынын көру маған ұнайды. Бұл Қазақстан чемпионаты мен ұлттық құрама үшін үлкен қадам болады деп сенемін», – деді Трытко.
Пшемыслав Трытко 2016 жылы «Атырау» сапында ойнады және бұған дейін Польша мен Германия чемпионаттарында доп тепкен. 2010/11 жылғы маусымда «Ягеллонияда» Михал Пробеждің қол астында ойнады. Бұған дейін ҚФФ 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың маусымына дейін Польша құрамасын жаттықтырған 53 жастағы бапкердің кандидатурасын қарастырып жатқаны хабарланған болатын.
Читайте также
Вчера, 20:39
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
Вчера, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
Главные новости
КПЛ 24 июля, 20:39
«Антониді жеп қойдым»: ҚПЛ легионері – «МЮ-ге», Роналдуға және «Ливерпульдегі» досына қатысты
1Разное 24 июля, 18:38
«Шахтер» Академиясы QJ League үздіктерінің қатарында: алғашқы айналымның қорытындысы мен басты есімдер
2Разное 24 июля, 16:51
«Қайрат» пен «Ордабасыға» қатысы бар ажырасу: Айым Сейтметова және Талғат Итаевтің футболға байланысы
3Турнирная таблица
Премьер-Лига Казахстана
#
Команда
Очки
1
Ордабасы43
2
Кайрат42
3
Окжетпес30
4
Астана29
5
Актобе28
6
Улытау27
7
Елимай26
8
Женис22
9
Тобол19
10
Кайсар19
11
Атырау18
12
Жетысу18
13
Каспий18
14
Кызылжар16
15
Алтай16
16
Иртыш11
#
Команда
Очки
1
Арсенал85
2
Манчестер Сити78
3
Манчестер Юнайтед71
4
Астон Вилла65
5
Ливерпуль60
6
Борнмут57
7
Сандерленд54
8
Брайтон53
9
Брентфорд53
10
Челси52
11
Фулхэм52
12
Ньюкасл Юнайтед49
13
Эвертон49
14
Лидс47
15
Кристал Пэлас45
16
Ноттингем Форест44
17
Тоттенхэм41
18
Вест Хэм39
19
Бёрнли22
20
Вулверхэмптон20
#
Команда
Очки
1
Барселона94
2
Реал Мадрид86
3
Вильярреал72
4
Атлетико Мадрид69
5
Бетис60
6
Сельта54
7
Хетафе51
8
Райо Вальекано50
9
Валенсия49
10
Реал Сосьедад46
11
Эспаньол46
12
Атлетик Бильбао45
13
Севилья43
14
Алавес43
15
Эльче43
16
Леванте42
17
Осасуна42
18
Мальорка42
19
Жирона41
20
Реал Овьедо29
#
Команда
Очки
1
Бавария89
2
Боруссия Дортмунд73
3
РБ Лейпциг65
4
Штутгарт62
5
Хоффенхайм61
6
Байер 0459
7
Фрайбург47
8
Айнтрахт Франкфурт44
9
Аугсбург43
10
Майнц40
11
Унион Берлин39
12
Боруссия М38
13
Гамбург38
14
Кёльн32
15
Вердер32
16
Вольфсбург29
17
Хейденхайм26
18
Санкт-Паули26
#
Команда
Очки
1
Интер Милан87
2
Наполи76
3
Рома73
4
Комо71
5
Милан70
6
Ювентус69
7
Аталанта59
8
Болонья56
9
Лацио54
10
Удинезе50
11
Сассуоло49
12
Торино45
13
Парма45
14
Кальяри43
15
Фиорентина42
16
Дженоа41
17
Лечче38
18
Кремонезе34
19
Верона21
20
Пиза18
#
Команда
Очки
1
ПСЖ76
2
Ланс70
3
Лилль61
4
Лион60
5
Марсель59
6
Ренн59
7
Монако54
8
Страсбур53
9
Тулуза45
10
Лорьян45
11
Париж44
12
Брест39
13
Анже36
14
Гавр35
15
Осер34
16
Ницца32
17
Нант24
18
Метц17
Әлім Динасылов